Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы N 1/130 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 наурызда N 1026 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 3/354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 02.08.2016 № 3/354 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабына сәйкес және мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласының ұйымдарындағы, мекемелеріндегі және кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады