1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 352 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3106 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 8 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Бухарбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудан әкімі | Б. Сарсенгалиев |