Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 29 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 ақпанда № 3106 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 1 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137-баптарына және "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 268-V шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х. Тулеушовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Умаров
      КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
"27" қаңтар 2015 жыл
А. Мендалиева
      Аудандық мәслихат хатшысы
"27" қаңтар 2015 жыл
Т. Жолмағамбетов

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "27" қаңтардағы № 29 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдары:
1) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант;
2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
      2. Білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі:
      1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      1) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      2) мектепке дейiнгi қазыналық кәсiпорын басшысы;
      3) мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер және дәрігерлер, әдіскер, шеберхана меңгерушісі, алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушы, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, тәлімгер, тәрбиеші, интернат-меңгерушісі, әлеуметтік педагог, медициналық бике, емдәм бике, музыкалық жетекші, хореограф, педагог-психолог, зертханашы, дене тәрбиесінің нұсқаушы, еңбек жөніндегі нұсқаушы.
      3. Мәдениет мамандары лауазымдары:
      1) мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы;
      2) көркемдік жетекші;
      3) кітапхана меңгерушісі;
      4) мамандар (бас, аға): әртіс, кітапханашы, редактор, режиссер, солист, дыбыс режиссері, әдістемеші, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы суретшілер, хореограф, библиограф, дирижер, концертмейстер, музыкалық жетекші, үйірме жетекшісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады