Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 29 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 352 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3106 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 8 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Бухарбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
      Аудан әкімі Б. Сарсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады