1 Қосымшаға сәйкес Кентау қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б.Кнатовқа жүктелсін.
Кентау қаласының әкімі | Ә.Мақұлбаев |
Кентау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 128 қаулысына қосымша |
Кентау қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбeсі
1. Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 30 "Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3043 тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпанда "Кентау", "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы;2. Кентау қаласы әкімдігінің 15 сәуір 2015 жылғы № 103 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3178 тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы;
3. Кентау қаласы әкімдігінің 15 қаңтар 2016 жылғы № 12 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3532 тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда "Кентау", "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы.
4. Кентау қаласы әкімдігінің 16 ақпан 2016 жылғы № 45 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3601 тіркелген, 2016 жылғы 27 ақпанда "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы.