2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігініі 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 12 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қаңтарда № 3532 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласының әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 18 мамырдағы № 128 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласының әкiмдiгiнiң 18.05.2016 № 128 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Кентау қаласы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін азаматтар;
      2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
      3) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б. Кнатовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады