"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
4. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Кентау қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Кнатовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі | Ә.Мақұлбаев |
Кентау қаласы әкімдігінің 16 ақпан 2016 жылғы № 45 қаулысымен бекітілген |
2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
№ | Жұмыс берушінің атауы | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Қоғамдық жұмыстардың көлемі | Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны (адам) | Қаржылан дыру көздері |
1 | Кентау қаласы әкімдігінің "Ащысай ауыл әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Көгалдандыру, көріктендіру қоқыстардан тазарту. Ағаш көшеттерін отырғызу-100 түп. | 82900 | 40 | Жергілікті бюджет |
2 | Кентау қаласы әкімдігінің "Байылдыр ауыл әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Көгалдандыру, көріктендіру қоқыстардан тазарту. Ағаш көшеттерін отырғызу-100 түп. | 32300 | 20 | Жергілікті бюджет |
3 | Кентау қаласы әкімдігінің "Қарнақ ауыл әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Көгалдандыру, көріктендіру қоқыстардан тазарту. Ағаш көшеттерін отырғызу-200 түп. | 98000 | 40 | Жергілікті бюджет |
4 | Кентау қаласы әкімдігінің "Хантағы ауыл әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Көгалдандыру, көріктендіру қоқыстардан тазарту. Ағаш көшеттерін отырғызу-150 түп. | 82900 | 40 | Жергілікті бюджет |
5 | Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету | 51840 | 35 | Жергілікті бюджет |
6 | Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Көгалдандыру, көріктендіру қоқыстардан тазарту. Саябақтарда санитарлық- тазалық жұмыстарын жүргізу. | 780500 | 752 | Жергілікті бюджет |
7 | Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Кентау қаласы мен ауыл тұрғындары арасында ұлттық цифрлық телехабар тарату желісіне ұжымдық қосылу бойынша түсіндірме-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында парақшалар тарату | 3120 | 10 | Жергілікті бюджет |
8 | Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық тұрғын үй инспекциясы" бөлімі мемлекеттік мекемесі | Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету | 31100 | 21 | Жергілікті бюджет |
9 | Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Кентау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесі | Жеке тұлғалардан алынатын жер және мүлік салықтарына хабарлама тарату | 62200 | 42 | Жергілікті бюджет |
| Барлығы | 1000 адам |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.