Кентау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 18 мамырдағы № 128 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1 Қосымшаға сәйкес Кентау қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б.Кнатовқа жүктелсін.
      Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев

  Кентау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 128 қаулысына қосымша

Кентау қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбeсі

      1. Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 30 "Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3043 тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпанда "Кентау", "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы;
      2. Кентау қаласы әкімдігінің 15 сәуір 2015 жылғы № 103 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3178 тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы;
      3. Кентау қаласы әкімдігінің 15 қаңтар 2016 жылғы № 12 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3532 тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда "Кентау", "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы.
      4. Кентау қаласы әкімдігінің 16 ақпан 2016 жылғы № 45 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3601 тіркелген, 2016 жылғы 27 ақпанда "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады