«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40 бабы 2 тармағының 4 тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 425 «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауыл округі әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3346 тіркелген,) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аппарат басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Құрманалиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Б.Көшербай