1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Төлеби ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бекмұрзаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Ә.Тұрғымбеков |
Төлеби ауданы ауданы әкімдігінің "06" мамыр 2016 жылғы № 155 қаулысына қосымша |
Төлеби ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының тізбесі
1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 158 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2253 болып тіркелген, "Ленгер жаршысы" газетінде 2013 жылғы 30 наурызда жарияланған) қаулысы;2. Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 524 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2852 болып тіркелген, "Аймақ тынысы" газетінде 2014 жылғы 29 қарашада жарияланған) қаулысы;
3. Төлеби ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтарындағы № 7 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3544 болып тіркелген, "Ленгер жаршысы" газетінде 2016 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) қаулысы;
4. Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 77 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Төлеби ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3073 болып тіркелген "Ленгер жаршысы" газетінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) қаулысы;
5. Төлеби ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 18 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 болып тіркелген, "Ленгер жаршысы" газетінде 2016 жылғы 17 ақпанда жарияланған) қаулысы.