"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
1) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар;
2) ауылдық жерлерде тұратын әйелдер;
3) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;
4) ұзақ уақыт (бір жылдан көп) жұмыс істемейтін адамдар.
2 Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Тургумбеков |