2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 18 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 ақпанда № 3576 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 155 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 06.05.2016 № 155 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Төлеби аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
      4. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыны Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е.Бейсебаеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Тургумбеков

  Төлеби ауданы әкімдігінің
21 қаңтар 2016 жылғы
№ 18 қаулысымен бекітілген

2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері


Ұйымдардың атауы
Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс (адам)
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
1
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі
15
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 1000 бет, факс жіберу – 300 бет, мәтіндерді басу және шығару – 400 бет, хат-хабарды жеткізу – 550 хат
Аудандық бюджет
2
"Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық филиалы
3
Мәтіндерді басу және шығару - 200 бет, хат-хабарды жеткізу - 450 хат
Аудандық бюджет
3
Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Төлеби аудандық "Саябақтары" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 1000 бет, факс жіберу – 100 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хат-хабарды жеткізу – 300 хат
Аудандық бюджет
4
Төлеби ауданы әкімдігі тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар, көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ленгір су" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
15
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 3000 бет, факс жіберу – 300 бет, мәтіндерді басу және шығару – 500 бет, хат-хабарды жеткізу – 700 хат
Аудандық бюджет
5
"Ленгір қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
30
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 2000 бет, факс жіберу – 500 бет, мәтіндерді басу және шығару – 1000 бет, хат-хабарды жеткізу – 400 хат
Аудандық бюджет
6
"Алатау ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
25
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 60000 шаршы метр
Аудандық бюджет
7
"Аққұм ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
15
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 40000 шаршы метр
Аудандық бюджет
8
"Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
25
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 90000 шаршы метр
Аудандық бюджет
9
"Зертас ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 30000 шаршы метр
Аудандық бюджет
10
"Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 40000 шаршы метр
Аудандық бюджет
11
"Кемеқалған ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
15
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 30000 шаршы метр
Аудандық бюджет
12
"Киелітас ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
25
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 60000 шаршы метр
Аудандық бюджет
13
"Көксәйек ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
27
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 70000 шаршы метр
Аудандық бюджет
14
"Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 40000 шаршы метр
Аудандық бюджет
15
"Қасқасу ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 50000 шаршы метр
Аудандық бюджет
17
"Тасарық ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 60000 шаршы метр
Аудандық бюджет
18
Төлеби ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Төлеби су шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
7
Арықтарды тазалау қоғамдық жұмыстары
Аудандық бюджет
19
Төлеби ауданы әкімдігінің "Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
8
Аймақтарды, көшелерді қоқыстан тазарту – 30000 шаршы метр, көшеттер отырғызу – 300 дана, гүлдерді суғару – 2000 шаршы метр, қоршауларды ақтау – 5000 шаршы метр, қоршауларды жөндеу – 5000 шаршы метр
Аудандық бюджет
 
Барлығы
337
 
 

      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады