1. "Түлкібас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 200 қаулысының қосымшасы мынадай мазмұндағы 2-1. тармақпен толықтырылсын:
"2-1. "Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 602 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3496 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 8 қаңтарда "Шамшырақ" газетінде ресми жарияланған)".
2. Осы қаулының көшірмесі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне, аймақтық құқықтық ақпарат орталығына және аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетіне жолдансын.
Аудан әкімі | Ә.Тұрғымбеков |