"Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 602 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 3496 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 мамырдағы № 200 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнiң 06.05.2016 № 200 қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 2 "Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2995 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 13 ақпанда "Шамшырақ" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Маткеримовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Қ.Абдуалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады