"Түлкібас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 200 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 342 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Түлкібас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 200 қаулысының қосымшасы мынадай мазмұндағы 2-1. тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. "Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 602 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3496 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 8 қаңтарда "Шамшырақ" газетінде ресми жарияланған)".
      2. Осы қаулының көшірмесі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне, аймақтық құқықтық ақпарат орталығына және аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетіне жолдансын.
      Аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады