Түлкібас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 мамырдағы № 200 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Түлкібас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының көшірмесі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне, Оңтүстік Қазақстан облыстық аймақтық құқықтық ақпарат орталығына және аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетіне жолдансын.
      Аудан әкімі Қ.Абдуалиев

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 6 мамырдағы
№ 200 қаулысына
қосымша

Күші жойылған Түлкібас ауданы әкімдігінің қаулыларының тізбесі

      1. "Жұмыс орындарының жалпы санының 3 пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін квота белгілеу туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 557 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2822 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 27 қазанда аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған);
      2. "Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысы (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2995 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 13 ақпанда "Шамшырақ" газетінде ресми жарияланған);
      2-1. "Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 602 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3496 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 8 қаңтарда "Шамшырақ" газетінде ресми жарияланған);
      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 14.09.2016 № 342 қаулысымен.
      3. "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 497 қаулысы (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3382 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 13 қарашада "Шамшырақ" газетінде ресми жарияланған);
      4. "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 9 қаулысы (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3538 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 29 қаңтарда "Шамшырақ" газетінде ресми жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады