Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы А. Б. Шахаровқа жүктелсін.
Қала әкімі | Н. Төреғалиев |
Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 1331 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылған Орал қаласы әкімдігінің
кейбір қаулыларының тізбесі
1. Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 376 "Орал қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823, 26.02.2015 жылы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде жарияланған);2. Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 377 "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3824, 26.02.2015 жылы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде жарияланған);
3. Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 872 "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3886, 30.04.2015 жылы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде жарияланған);
4. Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 2320 "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4015, 17.09.2015 жылы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде жарияланған);
5. Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 2720 "Орал қаласының хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4057, 01.10.2015 жылы газетінде "Жайық үні - Жизнь города" жарияланған);
6. Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 3442 "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4158, 16.12.2015 жылы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде жарияланған).