"Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 3442 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 желтоқсанда № 4158 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 1331 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 13.05.2016 № 1331 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығын басшылыққа ала отырып, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (Е. Каримов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары М. Қ. Сатыбалдиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы Ғ. Орынғалиев

  Орал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 3442 қаулысымен
бекітілген

"Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және қаланың бірыңғай мемлекеттік тіл саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      1) "Орал қаласы әкімдігінің Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Жастар мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2) Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Деркөл" мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      3) "Орал қаласы әкімдігі Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Қалалық мәдениет және демалыс саябағы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      4) "Орал қаласы әкімдігі Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қалалық мәдени-ағарту бірлестігі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      5) "М. Горький атындағы Орал қалалық кітапхана" мемлекеттік мекемесі.
      3. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 090000, Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – мәдениет және бірыңғай мемлекеттік тіл саясаты салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру ету болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) қазақтың ұлттық мәдениетін өркендетуді, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз ету;
      2) басқа мәдениеттерді сақтауға, дамытуға, таратуға қамқорлық жасау;
      3) инфрақұрылымдарды дамытуды және мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;
      4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      5) өнер қызметкерлерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;
      6) қаланы безендіру;
      7) қала аумағында орналасқан ескерткіштерді анықтау, есепке алу, қорғау, қалпына келтіру, насихаттау;
      8) қалалық ведомстволар мен бірлестіктердің меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығын, оны іске асыру және орындау жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспарын қоғамның бүкіл экономика, қоғамдық-саяси салаларында, әлеуметтік, мәдени өмірінде жүзеге асыру жолындағы қызметтерін үйлестіру;
      9) мемлекеттік органдарда, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы "Мәдениет туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығын орындалуына басшылық ету мен бақылауды жүзеге асыру;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді іске асыру.
      16. Функциялары:
      1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана ісі, мәдениет және демалыс саябақтары, мәдени-демалыс қызметі салаларындағы қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
      3) қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
      4) қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
      5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
      6) қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
      7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етеді;
      8) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
      9) ведомствалық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындарда бастапқы есепті, статистикалық бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру, ведомствалық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындарда жүйелі ревизиялар мен тексерістер жүргізу арқылы меншікті сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
      10) заңнамалармен бекітілген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
      11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұратуға және алуға;
      2) ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындарда қаржы көздерінің тиімді пайдалануын тексеруге;
      3) мемлекеттік тілді насихаттау мен дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шаралар әзірлеп, өткізуде тіл заңнамаларының орындалу мәселелері бойынша басқа мемлекеттік мекемелермен өзара байланыс жасауға;
      4) мемлекеттік және басқа да тілдер мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыруға, әртүрлі деңгейдегі түрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық бірлестіктердің тақылеттес форумдарына қатысуға;
      5) қызметтік ақпараттық-анықтамалық бюллетеньдерін, плакаттарын, қаттаулы кітапшаларын, әдістемелік материалдарын шығаруға;
      6) сәйкес органдар мен ұйымдардан тіл саясаты мәселелері бойынша ақпараттар, материалдар, қажетті мәліметтер мен анықтамалар сұратып алуға, сондай-ақ тіл туралы заңнамалардың дұрыс қолданылуы жөнінде түсініктеме беруге және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да өкілеттік қызмет атқаруға.

3. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Орал қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бола алады.
      21. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      3) құрылымдық бөлімшелер туралы ережені бекітеді;
      4) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      5) бағынысты мекемелерінің басшыларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      6) "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      7) өзінің өкілеттігі шегінде "Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша бағынысындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіріп отырады;
      8) заңнамада белгіленген тәртіппен "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      9) "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      10) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      11) "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, осы мәселе жөніндегі облыс және қала әкімі мен әкімдігінің актілері негізінде және орындауда бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
      12) Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі отырыстарын, алқаларын және басқа да шаралар өткізеді;
      13) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі " мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      14) сенімхатсыз "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан әрекет ете алады;
      15) мердігерлік ұйымдарымен шарттар жасайды;
      16) "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне сенімхаттар береді;
      17) "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұстауға арналған сметаны (шығындар жоспарын) бекітеді;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады