"Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 377 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 ақпанда № 3824 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 1331 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 13.05.2016 № 1331 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары - мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М. Умралеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары М. Қ. Сатыбалдиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі А. Көлгінов

  Орал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 377 қаулысымен
бекітілген

"Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып Орал қаласының агроөнеркәсіп кешенінде егін шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларын тұрақты дамыту табылады.
      15. Міндеттері:
      1) агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсіптік кешенінің нарықтық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдауға қолқабыс ету;
      3) ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа техникалар мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу;
      4) ауыл шаруашылығын техникалық жарақтандыруға қатысу;
      5) ауыл шаруашылығында жергілікті және шет елдердің жаңа жетістіктерін оқып танысу және насихаттау;
      6) қаланың агроөнеркәсiптiк құрылымдарында инвестициялауды жүзеге асыру;
      7) дүлей жағдайлардың салдарын және басқада төтенше жағдайларды жоюға қолғабыс ету;
      8) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияны іске асыру;
      9) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізу;
      10) қауіпті организмдерге фитосанитарлық мониторинг жүргізуде жеке және заңды тұлғаларға методикалық көмек көрсетеді, сонымен қатар өсімдік қорғау туралы қала тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
      16. Функциялары:
      1) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны қалалық жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру мен ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау және ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      2) ауыл шаруашылығы өндірісі кәсіпорынын, шикiзатын қайта өңдеу өнеркәсіптерінің дамуына болжам жасау, әзірлеу;
      3) қаланың аграрлық секторының өндірістік қызметінің талдауын жүзеге асыру;
      4) ірі қара малына қолдан ұрықтандыру қызметтерін ұйымдастыру;
      5) ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу және есепке алу, тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру;
      6) ауыл шаруашылығы техникаларын басқару құқығына емтихан қабылдау және жүргізу куәліктерін беру;
      7) ауыл шаруашылығы техникаларының жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауын жүргізу;
      8) ауыл шаруашылығы техникаларының кепілін мемлекеттік тіркеу;
      9) ауыл шаруашылығы техникаларын сенім хатпен жүргізетін адамдарды тіркеу;
      10) ауыл шаруашылығы техникаларына ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы анықтама беру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар сұрату және алу;
      2) өзінің құзіреті мен өкілеттігі шегінде, мемлекеттік меншікке жататын мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру.

3. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған тәртіппен Орал қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамаларда белгіленген тәртіппен "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану және алып тастау мәселелерін шешеді;
      6) "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамаларда өзгеше көзделмесе, "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады