ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 77 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 2 тамыздағы № 186/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнің Геодезия және картография комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"геодезия және картография саласында бiрыңғай мемлекеттiк және ғылыми-техникалық саясатты іске асыруға қатысу.";
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3), 13-4), 13-5), 13-6), 13-7) және 13-8) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) мемлекеттік геодезиялық желіні құру және дамыту;
13-2) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
13-3) бюджет қаражаты есебінен орындалатын аэротүсірілім, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың сметалық нормаларын, құнын, бағаларын әзірлеу;
13-4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидаларды әзірлеу;
13-5) бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімді жаңартып отыру мерзімділігін әзірлеу;
13-6) бюджет қаражаты есебінен картографиялық өнімді жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;
13-7) ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу;
13-8) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу;".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның 2020 жылғы 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он бірінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жұмағалиев |