"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және |
|
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы | М. Нұрғожин |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 2 тамыздағы № 186/НҚ бұйрығымен бекiтілген |
"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 07.04.2022 № 109/НҚ бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.06.2023 № 136/НҚ бұйрығымен.2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілетін болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 55/5-ғимарат.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.06.2023 № 136/НҚ бұйрығымен.9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттемелері
13. Мақсаты: геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында мемлекеттік саясат шараларын іске асыру.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.06.2023 № 136/НҚ бұйрығымен.14. Құқықтары мен міндеттемелері:
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан Комитет құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
4) өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы хабардарлығын қамтамасыз етеді;
7) қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат беруге қатысады;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметін үйлестіру;
2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін ескере отырып, геодезиялық, картографиялық жұмыстардың және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының деректері мен материалдарын есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
3) мемлекеттік мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
5) алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.06.2023 № 136/НҚ бұйрығымен;6) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
7) алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.06.2023 № 136/НҚ бұйрығымен;8) геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (көшіруге) рұқсаттар беру;
9) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы мәліметтер беру;
10) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен өзара келісілген жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асыру;
11) мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерді жасау және дамыту жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
11-1) топографиялық карталар мен жоспарларды жасау және жаңартып отыру;
11-2) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және дамыту;
12) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
12-1) жергілікті координаттық есептеу жүйесін құру (жаңарту) туралы техникалық есепті қарау;
13) бюджет қаражатының есебінен орындалатын аэротүсірілім жұмыстарының, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың құнын айқындау әдістемесін әзірлеу;
14) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидаларды әзірлеу;
15) бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімді жаңартып отыру мерзімділігін әзірлеу;
16) бюджет қаражаты есебінен картографиялық өнімді жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;
17) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және жаңартып отыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
18) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу;
19) өз құзіреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
20) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;
21) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
22) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;
22-1) геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды әзірлеу;
22-2) мемлекеттік, халықаралық, жергілікті координаттық есептеу жүйелері арасындағы трансформациялау мен өзгерту параметрлерін әзірлеу;
22-3) Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын әзірлеу;
22-4) жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу мен пайдалану қағидаларын әзірлеу;
22-5) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
22-6) бюджет қаражатының есебінен орындалатын аэротүсірілім жұмыстарының, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың құнын айқындау әдістемесін әзірлеу;
22-7) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
22-8) мемлекеттік, халықаралық, жергілікті координаттық есептеу жүйелерінің арасындағы трансформациялау және өзгерту параметрлерін айқындау және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
22-9) тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды орнату қағидаларын әзірлеу;
22-10) тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды мемлекеттік геодезиялық желілерге жатқызу және қолдану қағидаларын әзірлеу;
22-11) нивелирлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-12) мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерді жасау және дамыту жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-13) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
22-14) мемлекеттік есептеу жүйелері мен картографиялық проекцияларды әзірлеу;
22-15) базалық кеңістіктік деректердің тізбесін әзірлеу;
22-16) жаһандық навигациялық спутниктік жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік геодезиялық желінің пассивті пункттерінің координаталарын спутниктік айқындауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік гравиметриялық желісі пункттерінде гравиметриялық жұмыстарды орындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-18) кеңістіктік деректер тізілімін әзірлеу;
22-19) Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-20) Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерінің пункттері мен белгілерін салу, зерттеп-қарау және қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-21) геодезиялық аспаптар мен жабдықтарды тексеру және зерттеу жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-22) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық жобаларды жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-23) нивелирлеу пункттерінің биіктік каталогтарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-24) геодезиялық және картографиялық жұмыстар бойынша техникалық есептерді жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-25) Қазақстан Республикасын мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштерін әзірлеу;
22-26) геодезиялық және картографиялық жұмыстардағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-27) қайта нивелирлеу материалдары бойынша жер бетінің қазіргі тік қозғалыстарының жылдамдығын есептеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-28) геодинамикалық полигондарда геодезиялық жұмыстар жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
22-29) геодезиялық пункттердің каталогтарын жасау және басып шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
23) алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.06.2023 № 136/НҚ бұйрығымен;24) Қазақстан Республикасындағы геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
25) құзыреті шегінде геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
26) құзыреті шегінде геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы анықталған заңнаманы бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
27) құзыреті шегінде геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсірілімдерді жүргізу нәтижесінде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректерді іске асыру тәртібінде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды енгізу;
28) алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.06.2023 № 136/НҚ бұйрығымен;29) алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.06.2023 № 136/НҚ бұйрығымен;
30) картографиялық материалдарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының бейнеленуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
30-1) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету және қазіргі заманғы технологияларды ендіру;
31) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу;
32) Қазақстан Республикасы атынан жасалатын халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау;
33) Қазақстан Республикасының "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.06.2023 № 136/НҚ; 28.02.2024 № 101/НҚ бұйрықтарымен.3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі Комитет төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
17. Комитеттің төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
3) өз құзыретінің мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады;
4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;
5) геодезия және картография саласын дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және бастамашылық жасау, сондай-ақ шараларды іске асыруды ұйымдастырады;
6) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
7) мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша орныдалған жұмыстар актілеріне қол қояды;
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
9) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
11) Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспары мен оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлейді және Министрлік басшылығына бекітуге ұсынады;
12) Комитеттің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізуі үшін Министрге ұсынылатын бюджеттік өтінімдерді Министрліктің аппарат басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
13) Комитеттің қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрліктің аппарат басшысының бекітуіне енгізеді;
14) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
15) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
16) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымның басшыларын тағайындайды;
17) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапкершілікте болады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Төраға өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуына құқылы.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
"Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.