Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 30.12.2022 № 662-қа (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығының 7-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 18-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы туралы ереже бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2010 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 283-қа бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2010 әскери бөлім командирі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заңнамалық және құқықтық ақпараттар институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы бұйрықпен Шекара қызметінің мүдделі тұлғаларының тиісті бөлігі таныстырылсын.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық қауіпсіздік комитеті | |
Төрағасының орынбасары – | |
Шекара қызметінің директоры | |
генерал-майор | Д. Ділманов |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 252-қа бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы (әрі қарай- Басқарма), өткізу пунктерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауда басшылық ететін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери басқарудың жедел-тактикалық органы және территориалды бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарма өз іс-қимылында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі Директорының басқа нормативтік құқықтық актілері мен бұйрықтарын, басшылыққа алады.
3. Басқарма республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мөрлер мен мөртаңбасы бар, мемлекеттік тілде нағыз және шартты атауы бар, белгіленген үлгідегі бланкісі, қазынашылық органдарында есеп шоты бар.
4. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастарға кіре алады.
5. Басқарма мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жағынан шығуға құқығы бар, егер ол оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, Басқарма бастығының бұйрықтарымен және басқа актілермен рәсімделетін заңнамамен белгіленген тәртіптегі өз құзыреті мәселелері бойынша шешім қабылдайды.
7. Басқарманың штаттық санының құрылымы және лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Дунентаев көшесі, 24 үй, индекс 050049.
9. Басқарманың толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарма қызметінің қаржыландыруы республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға қызметті орындау нысанына, Басқарманың міндеті болып табылатын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттасқан қатынастарға қосылуға тыйым салынады.
Басқармаға егер заңнамалық актілерге сәйкес, кіріс алып келетін іс-қимылмен айналысуға рұқсат етілсе, онда мұндай іс-қимылдан алынған кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.
2-тарау. Басқарманың негізгі тапсырмалары, қызметі, құқығы және міндеті
13. Басқарманың негізгі тапсырмалары:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы келісімдерінен туындайтын міндеттерді орындау;
2) Қазақстан Республикасының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік міндеттерін шешуге қатысу;;
3) Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін қорғауға қатысу;
4) Мемлекеттік шекара арқылы және шекара кеңістігінде барлау-диверсиялық іс-әрекеттерді анықтау, ескерту және алдын-алу;
5) Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пунктінде режимді қамтамасыз ету;
6) белгіленген режимді сақтауына, жеке немесе уәкілетті органдармен бірлесе отырып бақылау жүргізу;
7) өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарына, азаматтарды, табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауда, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтауда көмек көрсету;
8) құралымдық бөлімшелердің мамандарын дайындау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасын анықталатын басқа да тапсырмалар.
14. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде келесі қызметті жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы келісімдерінен туындайтын міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;
2) шекаралық саясатты іске асырады;
3) Басқарманың және оның құрылымдық бөлімшелерін, жауынгерлік және жедел-қызметтік әзірліктің түрлі дәрежесіне келтіруге ұдайы дайындығын қамтамасыз ету;
4) шекаралық бақылау бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан тұлғалардың, көліктердің, жүктер мен тауарларды өткізу бойынша іс-қимылын ұйымдастырады;
5) жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызметті ұйымдастырады;
6) Мемлекеттік шекараны жедел қамтамасыз ету бойынша өз құзыреті шегінде қарсы барлау, барлау және жедел-іздестіру іс-қимылын ұйымдастырады және жүргізеді;
7) мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін барлау-диверсиялық және заңсыз іс-қимылдармен күресуге қатысады;
8) құрылымдық бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығының сапасын көтеруді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізеді;
9) Шекара қызметінің құрылымдық бөлімшелері мамандарының біліктілігін арттыруды, дайындауын және қайта дайындауын жүзеге асырады;
15. 10 мамандардың Мемлекеттік шекара күзетінде қолданылуы мен дайындау әдістерін жетілдіру бойынша жұмыстарына қатысады;
10) мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіпте өзара әрекеттесуді жүзеге асырады;
11) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимылының үйлесімділігін қамтамасыз етеді және басқаруды жүзеге асырады, оларға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;
12) Басқарманың жедел-қызметтік жауынгерлік қызметінде кадрлық, идеологиялық (патриоттық) және тәрбиелік жұмысты жүзеге асырады;
13) әскери қызметтің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету, әскери ұжымдардың бірлесуі, құқық бұзушылықтардың алдын-алу, әскери заң және тәртіпті нығайту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
14) Басқарманың кадрлар құрамымен әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастырады және әскери қызметшілер мен олардың жанұясына әлеуметтік және құқықтық кепілділікті қамтамасыз етеді;
15) кадрлардың орналастыруын және әскери дәрежелерін иелік етуді жүзеге асырады, номенклатураға сәйкес әскери дәрежелерді иелік ету және лауазымға тағайындау бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директорына қарастыруға кіргізеді;
16) Басқарманы жеке құраммен толықтыруды жүргізеді және жұмысшыларды қабылдауды ұйымдастырады;
17) жауынгерлік, техникалық, тылдық, қаржы, ақпараттық, медициналық және басқа да қамтамасыз ету түрлерінің перспективалық жоспарлауын жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қажеттіліктерді жоспарлауды жүзеге асырады;
19) бюджеттік құралдарды мақсатына қарай қолданылуын қамтамасыз етеді;
20) Басқарманың объектілері мен оның құрылымдық бөлімшелерінің өрттен қорғауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды және шығарады;
21) Мемлекеттік шекарадағы тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды дамытуға және орындауға қатысады;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды орындайды.
16. Құқықтары мен міндеттері.
Басқарма өзінің құзыреттілігі шегінде міндетті:
1) Мемлекеттік шекараны күзетуді жедел қамтамасыз ету мақсаттарына жету үшін шарттарды дамыту, қолдау және жасауға;
2) Мемлекеттік шекараны күзетуді жедел қамтамасыз ету және шекаралық саясат облысында жедел-іздеу, барлау, қарсы барлау қызметтерін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қауіпсіздікді қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының қорғаныс бойынша тапсырмаларын орындауда, сонымен қатар төтенше немесе әскери жағдайдағы тәртіпті қамтамсыз етуде өзінің құзыреттілігі шегінде қатысуға;
5) Мемлекеттік шекараны тұлғалар мен көлік құралдарының бекітілген өткізу пунктерін және Мемлекеттік шекарадан өткізу жүзеге асырылатын басқа да орындарды айналып өту әрекеттерін, сонымен қатар өткізу пунктеріндегі және Мемлкеттік шекарадан өткізу жүзеге асырылатын басқа да орындарда заңсыз кесіп өтуді болдырмауға және ескертуге, шекара кеңістігінде Мемлекеттік шекара құқық бұзушыларын және басқа да құқық бұзушыларды анықтау және ұстауға;
6) белгіленген бақылау түрлерін өткеннен соң және дұрыс ресімделген құжаты бар жағдайда тұлғалар, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді жүзеге асыруға;
7) Мемлекеттік шекара тәртібі және өткізу пунктеріндегі тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) өз бетімен немесе құзыретті органдармен бірге шекаралық тәртіпті, өткізу пунктеріндегі тәртіпті бақылауға;
9) өз құзыреттілігі шегінде құқық бұзушылықтардың алдын-алуды жүзеге асыруға;
10) Мемлекеттік шекарадан өтетін тұлғалардың Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттарын тексеруге, оларда сәйкес белгілерді жасауға, осындай құжаттарды уақытша алуға, сонымен қатар жарамсыз құжаттарды алуға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына кіруге рұқсаты жоқ шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен қатар дактиласкопиялық ақпарат бойынша тұлғаны растау рәсімін өтуден бас тартқан, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген соттық шешімдер мерзімен және айыппұл төлеу туралы құзыретті органдардың жарғысын орындамаған шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға кіруге шектеу қоюға;
12) Өткізу пунктерінде және Мемлекеттік шекарадан өту жүзеге асырылатын басқа да орындарда, Қазақстан Республикасының шет елде болған уақытта жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарын жоғалтқан азаматтарын және де басқа тұлғаларды өткізбеуге;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұлғаларды ұстау және жеке тексеруді жүзеге асыруға;
14) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамасына сәйкес Шекаралық қызметпен жүргізуге берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар толтыруға және іс жүргізуге;
15) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамасына сәйкес Шекаралық қызметпен жүргізуге берілген істер бойынша тергеу жүргізуге;
16) Жемқорлықтық құқық бұзушылықтардың алдын-алуды жүзеге асыру, оны болдырмау және ескертуге;
17) Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке тұлғаны растау рәсімін жүзеге асыруға;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындауға.
Басқарма заңнамалармен бекітілген тәртіпте функцияларды орындау және берілген тапсырмаларды шешу үшін құқығы бар:
1) Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын немесе Мемлекеттік шекараны қорғау қызметін атқаратын құзыретті тұлғалар мен өзінің күштерінің әрекеттесуін ұйымдастыруға;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ісіне кедергі келтіретін немесе шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтарды жасауға әсер келтіретін жағдай мен себептер туралы ұсыныстарды орындауға міндетті ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдарға өзінің құзыреттілігі шегінде енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бірге қабылданған шешімімен анықталатын тәртіпте Мемлекеттік шекараны күзетудің күшейтілуі кезінде олармен бөлінетін күштер мен құралдарды қолдануға;
4) байланыс желісі мен коммуникацияны қолдануға, техника мен қару-жарақты қолдануға;
5) міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты құзыретті органдар, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктерден өтеусіз алуға және сұратуға;
6) Мемлекеттік шекараны қорғау облысындағы тапсырмаларды шешу үшін ерікті түрде Шекаралық қызметінің штаттан тыс және басқа да формадағы қызметкерлері есебіндегі еріктілер құрамындағы азаматтарды тартуға, қойылған талаптарға сай тұлғаларды және Мемлкеттік шекараны қорғау кезінде ерекшеленген азаматтарды көтермелеуге, арнайы әскери оқу орындарына түсуді ұсынуға;
7) Қазақстан Республикасының тұрғындарын құқықтық тәрбиелеуге қатысуға, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын-алу шараларын өткізуге, тұрғындарды құқық бұзушылықтар, құқық бұзушыларды іздеу және басқа да мақсаттар туралы ақпараттандыру үшін бұқаралық ақпараттар құралдарын қолдануға;
8) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы туралы" заңына сәйкес қару-жарақтар мен әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды және физикалық күшті қолдануға;
9) шекаралық кеңістіктегі жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар мен өтініштерді қарастыруға, оларды тіркеуге және сәйкес шараларды қолдануға;
10) Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз еткізетін ақпараттық жүйелер мен арнайыландырылған есепті жасауға және қолдануға;
11) Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау облысындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындыларының енгізілуін қамтамасыз ету;
12) Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауға қатысатын әскери қызметшілердің киім түрі мен жабдықталуын анықтауға;
13) мемлекеттік бақылаушы органдармен бірлесіп бекітілген тәртіпте Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдары, жүктер мен тауарларды тексеруді жүзеге асыруға;
14) көлік құралдарын шығарып салуға және оларға шекаралық нарядтарды орналастыру;
15) құқық бұзушыларды қудалау кезінде ұйымдардың аумағына және бөлмелеріне кедергісіз (қажет болған жағдайда құлыпталатын құрылғыларды бұзу арқылы) кез келген уақытта кіруге, сонымен қатар оларды тексеріп қарауға (сәйкес прокурорды жиырма төрт сағат ішінде ескерту арқылы);
16) арнайы іс-қимылдар, басқа да іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде өз бетімен бақылау посттарын орнатуға, тұлғалар мен көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, азаматтарды бөлек орындарға жібермеуге, оларды сол жерде қалуын міндеттеу немесе денсаулығын және өмірін қорғау мақсатында басқа орынға кетуін талап етуге;
17) азаматтардан Мемлекеттік шекарада бекітілген тәртіпті орындауды, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жұмысына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, сол талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған шараларды қолдануға;
18) шекаралық кеңістіктегі бекітілген тәртіптерді бұзғандарды әкімшілік ұстауға ұшыраған тұлғаларды күту үшін арнайы жабдықталған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлмелерінде ұстауға;
19) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамасына сәйкес әкімшілік ұстауға ұшыраған тұлғаларды күту үшін арнайы жабдықталған уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына отырғызуға;
20) шекаралық кеңістіктегі белгіленген тәртіпті бұзудың жағдайын түсіндіру мақсатында аумақтық бөлімшелерге тұлғаларды шақыруға;
21) Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шекаралық саясатты іске асыру облысындағы ұйымдар мен құзыретті органдардың қызметін өз құзыреттілігі шегінде бағыттауға, Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын немесе Мемлекеттік шекараны қорғау қызметін атқаратын аумақтық құзыретті органдар мен өзінің күштерін әрекеттестіруді ұйымдастыруға;
22) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да құзыреттіліктерді жүзеге асыруға.
3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
17. Басқарманың қызметін басқару Басқармаға жүктелген тапсырмалар мен өзінің функцияларын жүзеге асыруды орындау үшін жеке жауапкершілікті көтеретін бастық жүзеге асырады.
18. Басқарма бастығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Басқарма бастығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарларға ие.
20. Басқарма бастығының құзыреттілігі:
1) Басқарманың барлық жеке құрамымен орындалуға міндетті бекітілген тәртіпте бұйрықтар мен үкімдер шығаруға;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітуге;
3) Басқарманың әскери қызметшілері мен құрылымдық бөлімшелер бастықтарының лауазымдық міндеттерін бекітуге;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сонымен қатар шет ел мемлекеттерінің органдарымен арақатынаста Басқарманы таныстыруға, соттық және басқа да мемлекеттік органдарда Басқарманың мүддесін ұсынуға сенімхатқа қол қоюға, контракттар мен келісімшарттарды қорытындылауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шекаралық кеңістікте, Мемлекеттік шекара жүзеге асырылатын қызметтің шектелуі немесе тоқтауы туралы шешім қабылдауға;
6) Әскери қызметке алу және әскери қызметтен шығару, Шекаралық қызмет Департаментінің әскери қызметшілерін лауазымға тағайындау мен босату туралы өзінің құзыреттілігі шегінде шешім қабылдауға;
7) көтермелеулер, материалды көмек көрсету сұрақтары бойынша бекітілген тәртіпте шешім қабылдауға және Басқарманың әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолдануға, сонымен қатар номенклатураға сәйкес әскери дәрежесін иелендіруге;
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсізідік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директорына бекітілген тәртіпте әскери дәрежелерді иелендіруге, Басқарманың әскери қызметшілері мен қызметкерлерін, сонымен қатар Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын тұлғаларды ведомствалық марапаттармен марапаттауға ұсыныстар енгізуге;
9) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің жедел-қызметтік, жауынгерлік, әскери-техникалық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-процессуалдық және басқа да қызметін ұйымдастыруға.
21. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да құзыреттіліктерді жүзеге асыруға.
22. Басқарма бастығы болмаған жағдайда оның құзыретін орындау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінң нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оны ауыстыратын тұлғаға өтеді.
4-тарау. Басқарма мүлкі
23. Басқарма заңнамамен қарастырылған жағдайда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлігі бола алады.
24. Басқарма мүлігі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен рұсат етілген, жеке қызмет қорытындысы және басқа көздер арқылы табылған мүлікпен (ақшалай кіріспен), сонымен қатар меншік иесімен берілген мүлік есебінен қалыптасады.
Басқармаға тіркелген мүлік республикалық меншік болып есептеледі.
25. Басқарма оған бекітілген мүлікті және заңнамамен басқа бекітілмеген жағдайда, қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өз басымен иесіздендіруге немесе басқа тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта құру және жою
26. Қайта құру мен тарату Қазақстан Республтикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма бөлімдерден (бөлімшелерден), топтардан және әскери басқарудың тактикалық органдары болып саналатын басқа да бөлімшелерден тұрады.
Басқарманың жүргізуіндегі құрылымдық бөлімшелердің тізімі:
1) "Алматы" шекаралық бақылау бөлімі шекаралық бақылау Басқармасы орналасқан орны (орналасуы) – Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Майлин көшесі, "Алматы" халықаралық әуежайы, индексі 050039;
2) "Алматы" шекаралық бақылау бөлімі шекаралық бақылау Басқармасы орналасқан орны (орналасуы) – Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Майлин көшесі, "Алматы" халықаралық әуежайы, индексі 050039.