БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында:
"Білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер" деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"
Білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер | |||||||||
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 001 | Қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту) іске асыру |
1) білім беру мекемелерінің оқу материалдық базасын нығайту; | "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабы, "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 541 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №16889 болып тіркелген). |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 002 | Музыка аспаптарын пайдалануға беру бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
ЖБ |
04 |
2 |
261 |
003 |
015 | 003 | Энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 004 | Оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылық-тарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
9 |
240 |
041 |
100 | 005 | Жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 006 |
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек тұрғындар арасында әр түрлі: | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 007 | Пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру бойынша қызметт | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
9 |
240 |
041 |
100 | 008 | Оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
ЖБ |
04 |
4 |
261 |
024 |
015 | 009 | Кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру) бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 010 | Мамандардың біліктілігін арттыру бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 011 | Интернет-байланыстың қосымша қызметтері | Сол сияқты | Сол сияқты |
ЖБ |
04 |
4 |
261 |
024 |
015 | 012 | Қызметкерлерді техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында кәсіпке даярлау жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 013 | Өнер мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау бойынша жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
";
"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындары көрсететін қызметтер" деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындары көрсететін қызметтер | |||||||||
РБ | 03 | 5 | 410 | 001 | 000 | 051 | Ғылыми зерттеулерді жүргізу |
Гранттық қаржыландыру қаражаты Ұлттық ғылыми кеңестің (бұдан әрі - ҰҒК) шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады. | "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-тармағы, "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17938 болып тіркелген). |
РБ | 03 | 5 | 410 | 001 | 000 | 075 | Қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру |
1) шығыс материалдарын, жиһаздар, мүкәммалдар сатып алуға; | Сол сияқты |
РБ | 03 | 5 | 410 | 001 | 000 | 052 | Оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу. | Сол сияқты | Сол сияқты |
";
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери және арнаулы оқу орындары көрсететін қызметтер" деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери және арнаулы оқу орындары көрсететін қызметтер | |||||||||
РБ | 04 | 9 | 202 | 003 | 100 | 079 | Қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру |
1) білім беру мекемелерінің оқу-материалдық базасын нығайту; | "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-тармағы, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери және арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 762 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 18028 болып тіркелген). |
РБ | 04 | 9 | 202 | 003 | 100 | А01 | Кәсіптік білім беруді ұйымдастыру | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 9 | 202 | 003 | 100 | А02 | Оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу және (немесе) өткізу | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 9 | 202 | 003 | 100 | А03 | Ғылыми зерттеулер жүргізу |
1) барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда, ғылыми зерттеу жүргізуге қатысатын зерттеу тобы мүшелерінің еңбегі үшін еңбек ақы – сыйақы; | Сол сияқты |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Жамаубаев |