Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 17938 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2022 № 103/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 101/қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының (бұдан әрі – ҰҚО оқу орындары) әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.

      2. ҰҚО оқу орындары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабы 3-тармағының 12-абзацына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мыналар бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынады:

      1) ғылыми зерттеулерді жүргізу;

      2) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      3) оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) іске асыру.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2022 № 103/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі

      3. ҰҚО оқу орындары мен жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша өзара қарым-қатынастар, оның ішінде төлем нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тиісті шарттар жасасу арқылы реттеледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2022 № 103/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. ҰҚО оқу орындары интернет-ресурстарында және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мынадай ақпаратты орналастырады:

      1) ҰҚО оқу орындарының ақылы негізде өткізетін тауарларының (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;

      2) ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 27.04.2021 № 41/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)өткізуден түсетін ақша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызметтер шоты) есепке алынады және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес жұмсалады.

      6. Төлем ақшасыз есеп айырысу бойынша ҰҚО оқу орындарының ақылы көрсетілетін қызметтер шотына аудару арқылы жүргізіледі.

      7. ҰҚО оқу орындары тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын өздерінің иелігінде қалатын ақша есебінен операциялар жүргізу үшін жыл сайын ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарын жасайды, түсіндірме жазбаны және негізделген есептерді қоса бере отырып, үш данада бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бекітуге ұсынады.

      8. Мыналардан:

      1) ғылыми зерттеулер жүргізуден түсетін қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларының 25, 53-тармақтарына сәйкес жұмсалады;

      2) қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуден, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуден және (немесе) өткізуден түсетін қаражаттар мынадай бағыттар бойынша:

      шығыс материалдарын, жиһаздар, мүкәммалдар сатып алуға;

      қызмет көрсетуді қоса алғанда, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;

      әдебиеттер, оқу басылымдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;

      оқу-материалдық базаны нығайтуға;

      қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуге, кәсіби білім беруді ұйымдастыруға, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуге және өткізуге тартылатын штаттан тыс мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

      оқу, ғылыми және әдістемелік материалдарды шығаруға;

      ҰҚО оқу орындарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге;

      тамақтану мен мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыруды қоса алғанда, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, оқыту тренингтері, олимпиадалар, мерейтойлық іс-шаралар жүргізуге, ақпараттық материалдар сатып алуға;

      электрондық ақпараттық ресурстарды немесе оларды пайдалану құқығын сатып алуға;

      қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;

      үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға;

      кәдесый өнімдерін сатып алуға;

      оқу және ғылыми мақсаттарға арналған бейнероликтер, бейнефильмдер, аудиожазбалар дайындауға;

      білім беру қызметін қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуге;

      көлік құралдарын, сондай-ақ оларға қызмет көрсету жөніндегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығындарын өтеу нормалары шегінде қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуге, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуге және өткізуге байланысты іссапарларға;

      байланыс қызметіне, жарнама және көлік қызметтеріне ақы төлеуге;

      қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және өткізу шеңберінде банктік қызметтерге ақы төлеуге;

      қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу шеңберінде кофе-брейктерді ұйымдастыру және өткізу қызметтеріне ақы төлеуге;

      қосымша білім беру бағдарламалары шеңберінде ақылы білім беру қызметтерін көрсету үшін тартылатын мамандардың (оның ішінде ҰҚО оқу орындарының кадр құрамы қатарынан) қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 27.04.2021 № 41/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. ҰҚО оқу орындарының түскен ақшасын және олардың жұмсалуын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес пайдалануын есепке алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 және "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бекітілген бұйрықтарының тәртібімен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады