"Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 мамырда № 16889 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.06.2020 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11019 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 7-1) тармақшасындағы "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін" деген сөздер "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-2) осы бұйрыққа 7-2-қосымшаға сәйкес "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 7-2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі ____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 2 мамырдағы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі
№ 166 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 наурыздағы
№ 245 бұйрығына
7-2-қосымша

"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін), инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және оларға тарифтік сметаларды, оның ішінде сараланған тарифтерді бекітуге өтінім берген кезде – күнтізбелік 55 (елу бес) күн ішінде;

      төтенше реттеуші шара ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекітуге өтінім берген кезде – күнтізбелік 10 (он) күннен асырмай;

      есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар санының азаюына байланысты көрсетілген қызметтердің көлемі өзгерген кезде, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге есептеу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай сараланған тарифтерді, оның ішінде тарифтер деңгейін өзгертпей бекітуге – күнтізбелік 20 (жиырма) күннен асырмай.

      2) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекітуге өтінім берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай;

      3) қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілері тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекітуге өтінім берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай;

      қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілері төтенше реттеуші шара ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекітуге өтінім берген кезде – күнтізбелік 10 (он) күннен асырмай;

      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту туралы бұйрық немесе табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекітуден бас тарту туралы бұйрық.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін), инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және оларға тарифттік сметаларды, оның ішінде сараланған тарифтерді, төтенше реттеуші шара ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімге осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес құжаттар қоса беріледі;

      2) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекітуге өтінімге осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттар қоса беріледі;

      3) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге өтінімге осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес құжаттар қоса беріледі;

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетулен бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет материалдардың Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 88000807777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен", көрсетілетін Комитетпен өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында "Комитеттер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      15. Анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777.

  "Табиғи монополиялар
субъектілерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына)
тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін)
және тарифтік сметаларды
бекіту"мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін), инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін), оның ішінде сараланған тарифтерді, төтенше реттеуші шара ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекітуге өтініміне қоса берілетін құжаттардың тізбесі

      1. Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемлерін) бекітуге өтінімдерге келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту қажеттiгi туралы түсiндiрме жазба;

      2) тарифтің (баға, алым мөлшерлемесінің) жобасы;

      3) "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тарифтерді бекіту қағидалары) 3-33-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) 6-тармағының талаптарына сәйкес тарифтік сметалардың жобасы;

      4) "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандары) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бухгалтерлік баланс (бұдан әрі – Жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандары);

      5) Жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кірістер және шығындар туралы есеп ;

      6) Жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп (тікелей және жанама әдіс);

      7) Жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

      8) осы тармағының 4)-7) тармақшаларында көзделген қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба;

      9) "Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16052 болып тіркелген) 3-қосымшаға сәйкес статистикалық нысан бойынша еңбек бойынша есеп (коды 251103139, индексі 1-Т, мерзімділігі тоқсандық);

      10) "Құрылымдық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 165 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16038 болып тіркелген) нысан бойынша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп (коды 271112130, индексі 1-ПФ мерзімділігі жылдық);

      11) Тарифтерді бекіту қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерін) жобасын есептеу арналған жиынтық деректер;

      12) тарифтік смета бойынша өзге және басқа шығыстардың толық жазылуы (табиғи монополия субъектілер қызметін жүзеге асыру үшін талап етілетін осы шығындардың қажеттілігін негіздей отырып тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сатып алынуын растайтын құжаттар);

      13) қабылданған шешімнің нөмірі мен күнін көрсете отырып, бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) болуын растайтын құжат;

      14) негiзгi құралдар құнының өсуіне алып келмейтін, ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;

      15) есепке алу саясаты (ол болған жағдайда);

      16) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған персонал саны, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттіліктерінің есептеулері мен техникалық шығындардың есептеулері;

      17) пайдалану мерзiмдерi көрсетiлген, инвестициялық бағдарлама (жоба) іске асырылғанға дейін пайдаланылатын және жылдар бойынша бөле отырып, инвестициялық бағдарлама (жоба) ұзақ мерзімді кезеңде іске асырылған кезде пайдалануға берілетін негiзгi құралдарға арналған амортизациялық аударымдардың есептеулері;

      18) реттеліп көрсетiлетiн қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар, табиғи монополия субъектісінің жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету мiндетi мен мүмкіндіктеріне, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелеріның) деңгейін сақтау немесе өсіру мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол берілмеуін негізге ала отырып, тауар өндіру көлемінің есептеулері), тұтынушы сұранысын маркетингтік зерттеулер материалдары);

      19) табиғи монополия субъектiсiнiң жобалық қуаты туралы және оның іс жүзінде пайдаланылуы туралы деректер;

      20) амортизациялық аударымдардың пайдаланылуы туралы ақпарат.

      2. Инвестициялық тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге өтінімге мыналар:

      1) қабылданған шешімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) болуын растайтын құжат;

      2) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайданың есебі;

      3) пайданы бөлу туралы ақпарат;

      4) құзыретті орган растаған ұсынылатын қызметтердің жоспарланып отырған көлемдері;

      5) табиғи монополия субъектісінің жобалық қуаты туралы деректер;

      6) ақша ағысын бөлу туралы ақпарат;

      7) инвестициялық тарифтің (бағаның, алым ставкасының) жобасы;

      8) Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес Тарифтерді бекіту қағидаларына 3-33-қосымшаларға сай нысан бойынша тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі.

      3. Тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шаралар ретінде бекітуге арналған өтінімге:

      1) табиғи монополия субъектісінің қызметін тұрақтандыру және азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекітудің себептері көрсетілген түсіндірме жазба;

      2) Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес Тарифтерді бекіту қағидаларына 34-қосымшаға сай нысан бойынша тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, тарифтік сметадағы стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын бабы ғана түзетіледі;

      3) табиғи монополия субъектісінің қызметін тұрақтандыру және азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар ретінде өтінімге конкурстық құжаттама, конкурстық (тендерлік) комиссиялардың тауарларды сатып алу жөніндегі шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есептері, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған техникалық ысыраптардың есептері, құнының өзгеруі төтенше реттеуші шара ретінде тарифті бекітуге өтінімді ұсынуға себеп болып табылатын стратегиялық тауар шығысының нормалары қоса беріледі.

      Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтерді бекітуге өтінімге:

      1) осы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттар;

      2) өтінім берер алдындағы төрт тоқсанда немесе өткен күнтізбелік жылда тұтынушылар топтарының бөлінісінде (оның ішінде халық, бюджеттік ұйымдар, жылу энергетика саласындағы кәсіпорындар, өзге заңды тұлғалар) текше метрде (м3) суды тұтыну көлемі бойынша ақпарат;

      3) өтінім берер алдындағы төрт тоқсанда немесе өткен күнтізбелік жылда текше метрде (м3) суды тұтыну көлемі және азаматтарды тіркеу кітабында тіркелген адамдар саны бойынша, жеке есепке алу аспабы жоқ абонент үшін – әрбір абонент бойынша ақпарат;

      4) өтінім берер алдындағы төрт тоқсанда немесе өткен күнтізбелік жылда текше метрде (м3) суды тұтыну көлемі және азаматтарды тіркеу кітабында тіркелген адамдар саны бойынша, жеке есепке алу аспабы бар абонент үшін – әрбір абонент бойынша ақпарат қоса беріледі.

      Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар санының азаюына байланысты көрсетілген қызметтер көлемінің өзгеруі кезінде табиғи монополия субъектісі жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты, оның ішінде Тарифтерді бекіту қағидаларының 8-10-тармақтарына сәйкес бекітілген тарифтердің деңгейлерін өзгертпей сараланған тарифті бекітуге өтінімге мыналарды қоса береді:

      1) есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты, оның ішінде Тарифтерді бекіту қағидаларының 8-10-тармақтарына сәйкес бекітілген тарифтердің деңгейлерін өзгертпей сараланған тарифтерді бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;

      2) есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтердің есебі;

      3) негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, халықтың тобына жататын тұтынушылардың, оның ішінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде тұрып жатқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) тұтынушыларды бөліп көрсете отырып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпарат;

      4) басқа да тұтынушылардың, оның ішінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде орналасқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) тұтынушыларды көрсете отырып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпарат;

      5) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде тұрып жатқан немесе орналасқан тұтынушылардың (оның ішінде жеке тұлғаларға және басқа тұтынушыларға бөліп көрсете отырып) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпарат;

      6) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық үй-жайлардың, барак үлгідегі үйлердің тізбесі.

  "Табиғи монополиялар
субъектілерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына)
тарифтерді (бағаларды, алымдар
мөлшерлемелерін)
және тарифтік сметаларды
бекіту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекітуге өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі

      1. Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекітуге өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) прейскурант түрiндегi тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобасы;

      2) жобалық қуат туралы деректер;

      3) таратып жазу қосымшасымен несиелiк және дебиторлық берешектiң бары немесе жоқтығы туралы деректер;

      4) сан нормативiнiң есебi;

      5) салалық техникалық және технологиялық нормалардың, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптардың есебi;

      6) негiзгi құралдарды пайдалану мерзiмiн көрсетiп амортизациялық аударымдар есебi;

      7) негiзгi өндiрiстiк қорларды жұмыс жағдайында ұстау үшiн қажеттi шығын сметасының жобасы;

      8) "Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2237 болып тіркелген) нысандар бойынша тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобасын есептеу үшін тарифтік сметаның жобасы;

      9) еңбек ақы қорын және басшылардың лауазымдық қызметақысын белгiлеу туралы мемлекеттiк мүлiктi немесе мемлекеттiк кәсiпорынды басқару жөнiндегi орган шешiмi (мемлекеттiк кәсiпорындарға немесе мемлекеттiң үлесiн иеленушi кәсiпорындарға);

      10) реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) мемлекеттік органдар өз құзыретінің шегінде белгілеген ұсынылатын реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсету міндеттерден және табиғи монополиялар субъектісінің мүмкіндіктерінен шыға отырып жоспарланған көлемін растайтын құжаттар (ниеттер хаттамалары, шарттар, тауарларды өндіру көлемдерінің есептері).

  "Табиғи монополиялар
субъектілерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына)
тарифтерді (бағаларды, алымдар
мөлшерлемелерін) және
тарифтік сметаларды бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

Тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны тұтынушылық бағалар индексінен асып түсетін шамаға өзгертуге, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге арналған өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі

      1. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны тұтынушылық бағалар индексінен асып түсетін шамаға өзгертуге* арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту қажеттілігін ашатын және реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша жылдар бөлінісінде тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) соңғы бекіту сәтінен өткен кезең ішіндегі субъектінің қызметіне қаржы-шаруашылық талдауды қамтитын түсіндірме жазба;

      2) "Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10512 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаны орындау туралы есеп;

      3) Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобасы;

      4) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік;

      5) персонал саны, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттілігінің есептері және тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған техникалық ысыраптардың есептері;

      6) субъектінің негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын шығындардың жылдық сметаларының жобасы;

      7) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталатын шығындардың жылдық сметалары;

      8) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есебі;

      9) субъекіт желілерінің (жабдығының) жобалық қуаты және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректер;

      10) реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарлы көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар);

      11) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағаларын растайтын құжаттар (болған жағдайда);

      12) негізгі құралдарды соңғы қайта бағалау (болған жағдайда) нәтижелері туралы мәліметтер қоса беріледі.

      2. Тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) табиғи монополия субъектісінің қызметін тұрақтандыру және азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту себептерін көрсете отырып, түсіндірме жазба;

      2) Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу қағидаларына 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша шығындарды қалыптастырудын ерекше тәртібінің талаптарына сәйкес тарифтік сметаның жобасы. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда, тарифтік сметада стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығындардың баптары ғана түзетіледі;

      3) табиғи монополия субъектісінің қызметін тұрақтандыру және азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту қажеттілігін растайтын құжаттар.

      Стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту қажеттілігін растайтын құжаттар ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге арналған өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған есептемелері, нормативтік техникалық ысыраптардың, құнының өзгеруі тарифті төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге өтінім беруге себеп болып табылатын стратегиялық тауар шығысының нормалары қоса беріледі.

      Ескертпе:

      * "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағына сәйкес қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне уәкілетті орган бекiтетiн мемлекеттiк реттеудiң оңайлатылған тәртiбi қолданылады.

      Бұл ретте, қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілері реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін), тарифтік сметаларды алдыңғы күнтізбелік жылдағы факт бойынша тұтынушылық бағалар индексінен аспайтын шамаға жылына бір рет дербес өзгертуге құқылы.

      Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны тұтыну бағаларының индексінен асып түсетін шамаға өзгерту қажет болған кезде, қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектісі уәкілетті органның ведомствосына тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу қағидаларында белгіленген тәртіппен қайта қарау үшін ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей өтініммен жүгінеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады