Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 24.02.2023 № 65-П бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшы | С. Нұрлыбай |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 5-Ө бұйрығына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен келісе отырып, Министрліктің Аппарат басшысы бекітеді.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы:
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
12. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау мәні бойынша Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Комитетке табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы ұсынылса, онда ондай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Комитеттің негізгі мақсаттары мыналар:
1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
2) қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін өз құзыреті шегінде жетілдіру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу;
4) эмиссияларды ұйымдастыру, үйлестіру, нормалау және экологиялық рұқсаттарды беруді жүзеге асыру;
5) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
14. Комитеттің негізгі функциялары:
1) рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;
2) қауіпті қалдықтарды экспорттауға және импорттауға лицензия береді;
3) озонды бұзатын заттардың және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнімдердің экспорты мен импортына лицензия береді;
4) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;
7) апелляциялық комиссияны құрады;
8) апелляциялық комиссияның регламентін, ережесін және құрамын бекітеді;
9) тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың іс-әрекеті мен әрекетсіздігін қарайды;
10) шаруашылық қызметтің І санаты объектілерін салу және пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырады;
11) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
12) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
13) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;
14) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілетін бірыңғай нысан бойынша ЕАЭО елдерінен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге озонды бұзатын заттарды және құрамында олардың өнімдері бар өнімдерді әкетуге рұқсат береді;
15) экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтiрген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
16) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
17) кешенді экологиялық рұқсат береді;
18) өндірістік және басқа да ағынды суларды белгіленген нормативтерге дейін, тазарту шартымен теңізге ағызу үшін рұқсат береді;
19) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;
20) тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі;
21) жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасын келіседі;
22) өз құзыреті шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензия, рұқсат, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
23) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензияны беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрлері: табиғатты пайдалануды жобалау, шаруашылық және өзге де қызметтердің І санаты үшін нормалау; шаруашылық және өзге де қызметтердің І санаты үшін экологиялық аудит);
24) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат береді;
25) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдайды;
26) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
27) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
28) ең үздік қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
29) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;
30) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;
қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;
қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына;
жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына;
жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;
жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;
жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;
пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;
жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;
су сапасы нормативтерiнiң сақталуына;
атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, қағидалар мен өзге де талаптардың сақталуына;
қалдықтарды қоймаға жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;
парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;
қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу қағидаларының сақталуына;
экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;
өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;
ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;
тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына;
өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен қағидаларының сақталуына;
Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;
қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптары мен қағидаларының сақталуына;
мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;
мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;
қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;
"Байқоңыр" кешенінің аумағында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына;
озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;
өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;
31) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
32) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
33) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
34) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;
35) құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;
36) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
37) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
38) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
39) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
40) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
41) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулер бағдарламасын келіседі;
42) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
43) эмиссиялардың, оның ішінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жылжымалы көздері үшін техникалық үлестік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
44) өз құзыреті шегінде кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі қағидаларды келіседі;
15. Құқықтары мен міндеттері:
Комитеттің құқықтары:
1) Комитеттің құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасау;
2) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алу;
3) кеңесу органы болып табылатын Мемлекеттік экологиялық сараптама жөніндегі Сарапшылық кеңесті құру туралы ұсыныстарды бекіту;
4) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін, өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;
5) Комитет реттейтін қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттаманы, талдау нәтижелерін және өзге де материалдарды сұрату және алу;
7) Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны және табиғат ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларының және болжамдарының жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар енгізу;
9) өз құзыреті шегінде халықаралық экологиялық ұйымдармен, шетелдік заңды тұлғаларымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы қабылдаған келісімдер мен конвенцияларды, экологиялық бағдарламаларды және жобаларды орындау жөніндегі мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысу;
10) аумақтық экология департаменттерінің қызметтерін қадағалау және үйлестіру және бақылау бойынша басшылықты жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде бекітілген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
16. Комитеттің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
2) осы Ережеге сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындау;
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
5) Комитет қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
6) Министрлік басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу;
7) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептерді жою және жұмысты жетілдіру мақсатында қоғамдық пікірді зерделеуді, ондағы сыни ескертпелерді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауды және қорытуды жүзеге асыру.
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
17. Комитет басшылығын төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.
18. Төрағаны Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
19. Комитет төрағасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Аппарат басшысы бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
20. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделеді.
21. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) Министрліктің Аппарат басшысына Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штаттық саны жөнінде ұсыныстар береді;
3) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, заңнамаға сәйкес Комитеттің және аумақтық органдардың қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға қатысты жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, басшыларының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдары – экология департаменттерінің қызметкерлерін, сондай-ақ мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауаптылық мәселелерін шешеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік артады;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Комитеттің атынан өкілдік етеді;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жататын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) аумақтық бөлімшелердің басшыларына іссапар (шетелге іссапардан қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
11) аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Төраға болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан мемлекеттік органдарға және Министрлігінің құрылымдық бөлімдерімен жіберілетін құжаттарға Комитет төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
24. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.
27. Комитеттің осы Ережеге қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес аумақтық органдары бар.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне қосымша |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
5. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
6. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
7. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
8. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
9. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
10. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
11. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
12. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
13. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
14. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
15. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
16. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
17. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 5-Ө бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып Экология департаменті (бұдан әрі – Департамент) табылады, ол экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтарына, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және егер уәкілеттік берілсе, Комитеттің атынан түседі.
5. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар түріндегі актілер шығарады.
6. Аумақтық органның құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысымен, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен келісе отырып бекітіледі.
7. Аумақтық органның толық атауы: мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің _________________________ бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение "Департамент экологии по _________________________ Комитета экологического регулирования и контроля Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан".
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ________________________________________________________________ .
9. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
10. Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
11. Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне жол берілмейді.
2-тарау. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері
12. Департаменттің негізгі мақсаттары мыналар:
1) қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету;
2) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық талаптар нормативтерінің сақталуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
3) табиғат пайдаланушылардың өндірістік экологиялық бақылау жүргізуін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
4) өз құзыреті шегінде экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жүйесін дамыту;
5) өз құзыреті шегінде, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық орнату;
6) өз құзыреті шегінде, аумақтық деңгейде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру, заңнамада белгіленген тәртіпте экологиялық рұқсаттарды беру болып табылады.
13. Департамент келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
4) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;
6) қоғамдық тыңдалымдарға қатысады;
7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;
8) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;
9) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
10) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
11) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;
12) өз құзыреті шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
13) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы ұсыныс жасайды;
14) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыреті шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
16) мыналарға мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;
қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес, оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;
қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына;
жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына;
жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;
жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;
жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;
пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;
жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;
су сапасы нормативтерiнiң сақталуына;
атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, қағидалар мен өзге де талаптардың сақталуына;
қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;
парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;
қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу қағидаларының сақталуына;
экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;
өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;
ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;
тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына;
өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен қағидаларының сақталуына;
Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;
қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптары мен қағидаларының сақталуына;
мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;
мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;
қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;
озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;
өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;
17) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
19) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
20) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;
21) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;
22) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;
23) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
24) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
25) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтiрген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
26) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
27) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
28) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
30) өз құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
31) өз құзыреті шегінде кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі қағидаларды келіседі;
32) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
14. Департамент өз құзыреті шегінде:
1) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алады;
2) кеңесу органы болып табылатын мемлекеттік экологиялық сараптама жөніндегі сарапшылық кеңесті құру туралы ережені бекітеді;
3) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаларды, талдау нәтижелерін және өзге материалдарды сұрастырады және алады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен бекітілген өзге құқықтарды жүзеге асырады.
15. Департаменттің міндеттеріне мыналар кіреді:
1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
2) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
3) Департамент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
4) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу;
5) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептерді жою және жұмысты жетілдіру мақсатында қоғамдық пікірді зерделеуді, ондағы сыни ескертпелерді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауды және қорытуды жүзеге асыру.
16. Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық инспекторлардың құқықтарын иеленеді.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
17. Департаментті Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен келісе отырып, Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Министрліктің Аппарат басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.
Департамент басшысы болмаған жағдайда оның міндетін орындау орынбасарға немесе Комитеттің және/немесе оның аумақтық бөлімшелерінің кез келген қызметкеріне Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы бұйрығына сәйкес жүктеледі.
18. Департаменттің басшысына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелері Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының бұйрығымен рәсімделеді.
19. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының/тиісті облыстардың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары басшының орынбасарлары болып табылады.
20. Департамент басшысы Департаменттің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілік артады.
21. Департамент басшысы осы мақсаттарда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады, іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің тәртіптік жауаптылық мәселелерін шешеді;
2) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін дербес жауапты болады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Департаменттің мүддесін ұсынады;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құрады, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдiк мамандарды тартады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері бар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
4-тарау. Департаменттің мүлкі
22. Департамент жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие. Департаменттің мүлкі оған мемлекет, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі атынан берілген мүліктің, сондай-ақ олардың құны департаменттің теңгерімінде көрсетілетін негізгі қор және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ өзге мүліктің есебінен қалыптасады.
23. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.