"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 80 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 28 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 5-Ө бұйрығының, "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 47-Ө бұйрығының, "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 5-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 1 шiлдедегi № 253-П бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
З. Сүлейменова |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 65-П бұйрығына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдерді заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 15-кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
12. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау мәні бойынша Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Комитетке табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы ұсынылса, онда ондай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
13. Комитеттің негізгі міндеті мыналар:
1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
2) табиғи ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру болып табылады;
3) қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін өз құзыреті шегінде жетілдіру;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу;
5) эмиссияларды ұйымдастыру, үйлестіру, нормалау және экологиялық рұқсаттарды беруді жүзеге асыру;
6) кешенді экологиялық рұқсат беруді жүзеге асыру;
7) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру;
8) Комитеттің аумақтық экология департаменттеріне басшылықты және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды әдістемелік қамтамасыз ету;
9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
11) өз құзыреті шегінде Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
14. Комитеттің негізгі функциялары:
1) реттелетін салаларда рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;
2) қауіпті қалдықтарды экспорттауға және импорттауға лицензия береді;
3) парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота көлемін береді;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, кейіннен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы қорытындымен бірге беріледі, келісіледі немесе келісілмейді;
5) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 87-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама шеңберінде I санаттағы объектілер үшін ықпал етуге рұқсат беруді жүзеге асырады;
6) кешенді экологиялық рұқсат беруді жүзеге асырады;
7) қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсерлерді анықтау, зерделеу және бағалау мақсатында қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүзеге асырады, кейіннен қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, оны одан әрі іске асыруға жол беріледі/жіберілмейді;
8) кейіннен қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды бере отырып, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындайды;
9) I санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсатты және кешенді экологиялық рұқсатты қайта ресімдейді;
10) I санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат және кешенді экологиялық рұқсат беруден бас тартуды жүзеге асырады;
11) берілген бөлігінде түзетуді жүзеге асырады:
- I санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат;
- кешенді экологиялық рұқсат;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы;
- қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын анықтау туралы қорытындылар;
- қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар;
12) апелляциялық комиссия құрады;
13) апелляциялық комиссияның Ережесін және құрамын бекітеді;
14) тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттері мен әрекетсіздігін қарайды;
15) Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты жеке және заңды тұлғалардың рұқсаттарын, қорытындыларын, лицензияларын және басқа да рұқсат беру құжаттарын кері қайтарып алу, олардан айыру және олардың қолданысын тоқтата тұру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шараларды қабылдайды;
16) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
17) жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасын келіседі;
18) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
19) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрлері: шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін табиғат қорғауды жобалау, нормалау; қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою);
20) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
21) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
22) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын, оның ішінде экологиялық заңнаманың сақталуын, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына;
- қоршаған ортаның ластану салдарын жою бойынша шаралар өткізу;
- жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай босаған немесе басқа да процестер мен жұмыстарды бұзатын жерлерді Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оларды одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтірумен;
- қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісімшарттық шарттардың сақталуына;
- белгіленіп отырған қызметті іске асыру кезіндегі іс жүзіндегі әсерлердің жобадан кейінгі талдау нәтіжелері бойынша экологиялық бағалауды жүзеге асырады;
- қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеп соғатын ластанудан, суланудан және техногендік процестерден сақталуына;
- жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою;
- жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды өңдеу кезінде экологиялық нормалар мен ережелерді сақтау;
- пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдердің сақталуына;
- жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды орындауға;
- су сапасының нормативтерін сақтау;
- атмосфералық ауаны қорғаудың, оның ішінде көлік және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезінде техникалық регламенттердің, нормативтердің, қағидалардың және өзге де талаптардың сақталуына;
- қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына;
- парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезінде талаптардың сақталуына;
- қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде радиоактивті және өзге де экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге де айналысы қағидаларын сақтау;
- экологиялық рұқсаттарда белгіленген табиғат пайдалану шарттарының орындалуымен;
- өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру бойынша белгіленген нормалар мен ережелерді сақтау;
- ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілерге қойылатын экологиялық талаптарды сақтау;
- тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерінің сақталуына;
- өндірістік экологиялық бақылау нормалары мен ережелерінің сақталуына;
- Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;
- қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтау;
- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;
- қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерін сақтау;
- "Байқоңыр" кешенінің аумағында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға озонды бұзатын заттардың нақты әкетілген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді ұсыну туралы талаптардың сақталуына;
- өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауы;
- оператордың Қазақстан Республикасының Экология кодексінде айқындалған талаптарды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауымен байланысты мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
23) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
24) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
25) полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
26) мемлекеттік экологиялық бақылау органдары жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
27) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
28) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасын келісуді жүзеге асырады;
29) құзыреті шегінде кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі қағидаларды келіседі;
30) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүргізеді;
31) нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды, реттелетін салалардағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізеді;
32) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
33) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
34) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
35) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
36) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарайды;
37) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
38) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
39) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдайды;
40) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны көрсетуді электрондық форматқа көшіру жөнінде шаралар қабылдайды;
41) бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
43) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
44) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын және құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық шарттарға басқа да қатысушылардың өз міндеттемелерін орындауын бақылайды;
45) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
46) нормативтік техникалық құжаттар техникалық регламенттердің талаптарын іске асыру үшін қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұлттық стандарттар ретінде әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
47) реттелетін салада біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
48) екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініштер нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
49) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін), тексеру парақтарын іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады;
50) реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді және тексерулер жүргізудің бекітілген жартыжылдық кестелерін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
51) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;
52) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
53) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
54) Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
55) аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын белгілейді;
56) полигон операторының тарату қорын қалыптастыру тәртібін айқындайды;
57) қалдықтардың жинақталу лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
58) қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
59) жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы
- экологиялық залалды ремедиациялау бойынша іске асырылған іс-шаралар;
- мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін бюджетке өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпарат орналастырады;
60) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын әзірлейді;
61) өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
62) қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
63) мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
64) мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
65) мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесіне қосу үшін хердерлерді айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
66) техникалық газды күкіртпен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
67) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
68) экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, сондай-ақ әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін, әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініштер нысандарын әзірлейді және бекітеді;
69) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін айқындайды;
70) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді белгілейді;
71) әсер етуге экологиялық рұқсат берілетін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді белгілейді;
72) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
73) қажет болған кезде бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
74) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
75) берілген рұқсат құжаттары түзетуді, қайта ресімдеуді және электрондық форматқа көшіруді:
- озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар (қызметтің кіші түрлері: шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін табиғат қорғауды жобалау, нормалау; қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою);
- қауіпті қалдықтарды экспорттауға және импорттауға лицензиялар;
- озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді лицензиялар;
- озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар жүзеге асырады;
76) өзінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, лауазымды адамдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауына ішкі бақылауды жүзеге асырады;
77) ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
78) жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды нысандарын әзірлейді және бекітеді;
79) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
80) атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
81) су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
82) күкіртті карталарда ашық түрде орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
83) жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтерін әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
84) қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
85) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу, ішкі есепке алуды жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мерзімді есептерді қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86) қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысандарын әзірлейді және бекітеді;
87) қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
88) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
89) кепілдік беру, банктік салым кепілі, мүлік кепілі және сақтандыру туралы өтініштің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
90) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктің үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
91) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
92) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілінің үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
93) сыртқы тәуелсіз сарапшыларды, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттарын тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
95) жиынтық экологиялық пайдаға талдау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
96) мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жою үшін диспергенттер мен хердерлерді диспергенттер мен хердерлер тізбесіне қосу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
97) газдарды тазарту қондырғыларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
98) экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
99) қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
100) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
101) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді;
102) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізеді;
103) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
104) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындайды;
105) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді лицензиялауды жүзеге асырады;
106) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар береді;
107) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты жеке және заңды тұлғалардың рұқсаттарын, қорытындыларын, лицензияларын және басқа да рұқсат беру құжаттарын кері қайтарып алу, олардан айыру және олардың қолданысын тоқтата тұру жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдайды;
108) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
109) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар береді;
110) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауын, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының Экология кодексінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ережелерін сақтауын;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы экологиялық талаптардың сақталуын;
- жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды консервациялау және салдарын жою, бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;
- өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауын;
- оператордың Қазақстан Республикасының Экология кодексінде айқындалған талаптарды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауын;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін, сондай-ақ хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтауын;
111) әкімшілендірілетін қондырғылардың парниктік газдардың квоталанатын шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;
112) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
113) полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
114) белгіленген құзыреті шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
115) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
116) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
117) Эмиссиялары экологиялық нормалауға жататын ластаушы заттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
118) Нақты аумақтар және (немесе) акваториялар (немесе олардың бөліктері) шегінде табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтерін белгілейді;
119) Стационарлық шығарындылар көздеріне түгендеу жүргізу, оның деректерін түзету, осындай түгендеу жүргізу және түзету нәтижесінде алынған деректерді құжаттау және сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
120) экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
121) қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне олардың кіші түрлері бойынша біліктілік талаптарын әзірлейді;
122) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде сақтандырудың үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;
123) Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін таңдау туралы шешімді айқындау, келісу және қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
124) сараптама комиссияларын құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;
125) сараптамалық кеңестер құрады;
126) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестері туралы ережелерді және олардың дербес құрамын бекітеді;
127) қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
128) бастапқы консультациялар барысында келісілген тәртіп пен шарттарға сәйкес қозғалатын тараптармен консультациялар өткізуді ұйымдастырады;
129) стратегиялық экологиялық бағалау немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде өз функцияларын орындау кезінде қозғалатын тараптармен консультациялар барысында алынған, сондай-ақ қозғалатын тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығы ұсынған ескертпелер мен ұсыныстарды қарауды және есепке алуды қамтамасыз етеді;
130) Экологиялық рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының орындалуына жыл сайынғы мониторингті жүзеге асырады;
131) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;
132) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік субсидиялардан экономикалық әсерді айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
133) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;
134) қажет болған жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарады;
135) бюджеттік мониторингті және оның нәтижелері туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;
136) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
137) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді, төлеуді (ұстап қалуды және аударуды), бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуді және салық есептілігін толық көлемде ұсынуды жүзеге асырады, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына жеке табыс салық және әлеуметтік салық бойынша декларацияны тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей ұсынады;
138) мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
15. Құқықтары мен міндеттемелері:
Комитеттің құқықтары:
1) Комитеттің құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасау;
2) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алу;
3) кеңесу органы болып табылатын Мемлекеттік экологиялық сараптама жөніндегі Сарапшылық кеңесті құру туралы ұсыныстарды бекіту;
4) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін, өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;
5) Комитет реттейтін қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттаманы, талдау нәтижелерін және өзге де материалдарды сұрату және алу;
7) Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны және табиғат ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларының және болжамдарының жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар енгізу;
9) өз құзыреті шегінде халықаралық экологиялық ұйымдармен, шетелдік заңды тұлғаларымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы қабылдаған келісімдер мен конвенцияларды, экологиялық бағдарламаларды және жобаларды орындау жөніндегі мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысу;
10) аумақтық экология департаменттерінің қызметтерін қадағалау және үйлестіру және бақылау бойынша басшылықты жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде бекітілген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
16. Комитеттің міндеттемелері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
2) осы Ережеге сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындау;
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
5) Комитет қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
6) Министрлік басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу;
7) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептерді жою және жұмысты жетілдіру мақсатында қоғамдық пікірді зерделеуді, ондағы сыни ескертпелерді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауды және қорытуды жүзеге асыру.
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
17. Комитетті басқаруды төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.
18. Төрағаны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
19. Комитет төрағасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Аппарат басшысы бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
20. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделеді.
21. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) Министрліктің Аппарат басшысына Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штаттық саны жөнінде ұсыныстар береді;
3) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, заңнамаға сәйкес Комитеттің және аумақтық органдардың қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға қатысты жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, басшыларының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдары – экология департаменттерінің қызметкерлерін, сондай-ақ мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауаптылық мәселелерін шешеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік артады;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Комитеттің атынан өкілдік етеді;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жататын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) аумақтық бөлімшелердің басшыларына іссапар (шетелге іссапардан қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
11) аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Төраға болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарына Комитет төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
24. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.
27. Комитеттің осы Ережеге қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес аумақтық органдары бар.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне қосымша |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесі.
1. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
12. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
13. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
14. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
15. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
16. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
17. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
18. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
19. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
20. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 65-П бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы Экология департаменті (бұдан әрі – Департамент), ол экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтарына, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және егер уәкілеттік берілсе, Комитеттің атынан түседі.
5. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар түріндегі актілер шығарады.
6. Аумақтық органның құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысымен, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрімен келісе отырып бекітіледі.
7. Аумақтық органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің _________________________ бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение "Департамент экологии по ________________________________ Комитета экологического регулирования и контроля Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан".
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ____________________________________________________________.
9. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
10. Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
11. Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне жол берілмейді.
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
12. Департаменттің негізгі міндеті мыналар:
1) қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету;
2) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық талаптар нормативтерінің сақталуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
3) табиғат пайдаланушылардың өндірістік экологиялық бақылау жүргізуін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
4) өз құзыреті шегінде экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жүйесін дамыту;
5) өз құзыреті шегінде, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық орнату;
6) өз құзыреті шегінде, аумақтық деңгейде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру, заңнамада белгіленген тәртіпте экологиялық рұқсаттарды беру болып табылады.
13. Департамент келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
4) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5) қоғамдық тыңдалымдарға қатысады;
6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді, көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингті және қоршаған ортаға әсерді экологиялық бағалауды жүзеге асырады;
7) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға әсерді бағалауды және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін қамту саласын айқындау туралы қорытындылар береді;
8) I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану бойынша экологиялық рұқсаттар беру рәсімі шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді;
9) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
10) құзыреті шегінде Ⅰ санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсаттар және кешенді экологиялық рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;
11) өз құзыреті шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
12) кешенді технологиялық аудит жүргізу туралы ұсыныстар енгізеді;
13) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыреті шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
14) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
15) мыналарға мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;
- жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;
- жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;
- пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;
- жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
- зиянды заттардың, қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;
- су сапасы нормативтерiнiң сақталуына;
- атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, қағидалар мен өзге де талаптардың сақталуына;
- қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;
- парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;
- қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу қағидаларының сақталуына;
- экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;
- өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;
- ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;
- тазарту құрылыс жайлары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына;
- өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен қағидаларының сақталуына;
- Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;
- қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптары мен қағидаларының сақталуына;
- мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;
- мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;
- "Байқоңыр" кешенінің аумағында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына;
- қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;
- озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;
- өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;
- өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экология кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;
16) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
17) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;
18) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
19) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты жеке және заңды тұлғалардың рұқсаттарын, қорытындыларын, лицензияларын және басқа да рұқсат беру құжаттарын кері қайтарып алу, олардан айыру және олардың қолданысын тоқтата тұру бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдануға құқылы;
21) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар береді;
22) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
23) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
24) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
25) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
26) өз құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
27) өз құзыреті шегінде кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі қағидаларды келіседі;
28) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
14. Департамент өз құзыреті шегінде:
1) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алады;
2) алқалы, консультативтік-кеңесу органы болып табылатын сараптама жөніндегі сарапшылық комиссиясының құрамы және ережесін бекітеді;
3) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаларды, талдау нәтижелерін және өзге материалдарды сұрастырады және алады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен бекітілген өзге құқықтарды жүзеге асырады.
15. Департаменттің міндеттеріне мыналар кіреді:
1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
2) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
3) Департамент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
4) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу;
5) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептерді жою және жұмысты жетілдіру мақсатында қоғамдық пікірді зерделеуді, ондағы сыни ескертпелерді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауды және қорытуды жүзеге асыру.
16. Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық инспекторлардың құқықтарын иеленеді.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
17. Департаментті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрімен келісе отырып, Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Министрліктің Аппарат басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.
Департамент басшысы болмаған жағдайда оның міндетін орындау орынбасарға немесе Комитеттің және/немесе оның аумақтық бөлімшелерінің кез келген қызметкеріне Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысының бұйрығына сәйкес жүктеледі.
18. Департаменттің басшысына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелері Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Аппарат басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
19. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының/тиісті облыстардың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары басшының орынбасарлары болып табылады.
20. Департамент басшысы Департаменттің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілік артады.
21. Департамент басшысы осы мақсаттарда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады, іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің тәртіптік жауаптылық мәселелерін шешеді;
2) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін дербес жауапты болады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Департаменттің мүддесін ұсынады;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құрады, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдiк мамандарды тартады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері бар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
4-тарау. Департаменттің мүлкі
22. Департамент жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие. Департаменттің мүлкі оған мемлекет, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі атынан берілген мүліктің, құны департаменттің теңгерімінде көрсетілетін негізгі қор және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ өзге мүліктің есебінен қалыптасады.
23. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.