ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда қаласы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1528 қаулы қосымшасына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қаласының әкімі | Ғ. Қазантаев |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "8" сәуірдегі № 2443 қаулысына 1-қосымша |
|
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы "30" қарашадағы № 1528 қаулысына 1-қосымша |
2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан |
1 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Қылмыстық-Атқару жүйесі комитетінің Қылмыстық атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Қызылорда" филиалы | 150 | 6,67 |
2 | "Valiant-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 7,15 |
3 | "Кызылорда" автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 235 | 1,28 |
4 | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 1124 | 1,33 |
5 | "Гемакасес" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 7,2 |