Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақтың 8) және 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"8) облыста елішілік құндылықты дамытуға жәрдемдесу;
9) мемлекеттік сектордың сатып алуларындағы облыстың елішілік құндылық үлесі бойынша жағдайды талдау;";
12) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"12) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады;";
21) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"21) уәкілетті органға одан әрі ақпарат бере отырып, мемлекеттік сектордың сатып алуларындағы елішілік құндылық үлесінің мониторингін жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардан елішілік құндылық бойынша ақпарат жинауға жәрдем көрсетеді;".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарландыруын;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |