"Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 28 қаңтардағы
  № 30 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Басқарма) өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туризм, индустриалды-инновациялық және сыртқы экономикалық қызметі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85.

      10. Осы Ереже басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері және өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) экономиканың басым секторларын дамыту үрдiсiнде мемлекет пен бизнестiң тиiмдi өзара әрекетiн қамтамасыз ету (өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, туризм);

      2) индустриаландыруға қолайлы орта құруға жәрдемдесу;

      3) инвестициялық жобаларды әзірлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;

      4) инновациялық қызметке жәрдемдесу;

      5) сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;

      6) туристік қызметтің дамуына жәрдемдесу;

      7) сауданы дамытуға жәрдемдесу;

      8) облыста елішілік құндылықты дамытуға жәрдемдесу;

      9) мемлекеттік сектордың сатып алуларындағы облыстың елішілік құндылық үлесі бойынша жағдайды талдау;

      9-1) облыста жер қойнауын пайдалануды дамытуға жәрдемдесу;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.12.2022 № 555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.08.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      Басқарма қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын, сондай-ақ кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

      заңды және жеке тұлғаларға Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      2) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;

      3) кәсіпкерлікті дамыту және индустриялық-инновациялық даму үшін, оның ішінде қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жағдайлар жасайды;

      4) іскерлік ахуалды жақсарту, рұқсат беру рәсімдерін қысқарту және өз құзыреті шегінде әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады;

      5) тиісті салалық мәселелер бойынша форумдар, көрмелер, презентациялар, кеңестер мен семинарлар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыруға және өткізуге қатысады, сондай-ақ оларды облыста өткізу бойынша ұсыныстар енгізеді;

      6) кәсіпкерлік субъектілеріне өз құзыреті шегінде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      7) жетекшілік ететін салаларда көрсеткіштердің мониторингін, талдауын және болжамдауын жүзеге асырады;

      8) индустриялық-инновациялық саясатты және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;

      9) интернет-ресурстарды қоса алғанда, өз қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді ұйымдастырады;

      10) жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру мақсатында мүдделі органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      11) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      12) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады;

      13) туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау, жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу, туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша жұмысты жүргізеді;

      14) кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау бойынша жұмысты жүргізеді;

      15) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

      16) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдауды жүзеге асырады;

      16-1) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға екінші санаттағы рұқсаттар беру;

      17) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      18) облыстық басқармалардың халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысын үйлестіреді;

      19) саланы дамытудың перспективалық бағыттарын айқындайды және саланың жалпы жай-күйін айқындайтын кәсіпорындарға проблемалық мәселелерді шешуге жәрдем көрсетеді;

      20) Облыстың нақты көлем индексіне елеулі әсер ететін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік өнімдерін шығару жөніндегі қызметтің мониторингін жүзеге асырады;

      21) уәкілетті органға одан әрі ақпарат бере отырып, мемлекеттік сектордың сатып алуларындағы елішілік құндылық үлесінің мониторингін жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардан елішілік құндылық бойынша ақпарат жинауға жәрдем көрсетеді;

      22) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдардың қызметінде жұмыс органының функцияларын жүзеге асырады;

      23) құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      24) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

      26) жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      26-1) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді;

      26-2) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылауды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге, кен іздеушілікке мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      26-3) жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензиясында және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

      26-4) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуды реттейді, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерінің есебін жүргізеді;

      26-5) оларға берілген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      26-6) кен іздеушілік үшін аумақтарды айқындайды;

      26-7) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттар жасасады, тіркейді және сақтайды;

      26-8) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің өтуіне рұқсаттар береді, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру жөніндегі мәмілелерді тіркейді;

      26-9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі зерттеулердің немесе жұмыстардың нәтижелерін қабылдау жөніндегі комиссияларды құрады;

      26-10) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданылуын тоқтатуды қамтамасыз етеді және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге және кен іздеушілікке арналған лицензияларды қайтарып алады;

      26-11) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      26-12) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбалар бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

      26-13) мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) мен жөндеу үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау мен жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын береді;

      27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.12.2022 № 555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.08.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.10.2024 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      5) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      8) міндеттемелер мен төлемдер бойынша Басқарманың қаржыландыру жоспарын, белгіленген еңбекақы төлеу қоры және қызметкерлер саны шегінде басқару құрылымын бекітеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады