Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 12.10.2023 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Ешанқұловаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Асанов |
Мақтаарал ауданы әкімдігінің " " _______ 2023 жылғы № __ қаулысына қосымша |
2023 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Тізімдік саны | Квота мөлшері (%) | Квоталық жұмыс орындарының саны |
1. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "О.Бапышев атындағы №8 жалпы орта мектебі" КММ | 156 | 3 | 4 |
2. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі" КММ | 185 | 3 | 5 |
3. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Бірлік жалпы орта мектебі" КММ | 74 | 2 | 1 |
4. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "К.Үкібаев атындағы № 37 жалпы орта мектебі" КММ | 161 | 3 | 4 |
5. | Мақтаарал ауданы әкімдігінің "Мырзакент-Қызмет" КММ | 71 | 2 | 1 |
6. | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің "Қазводхоз" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан филиалы | 74 | 2 | 1 |
Барлығы: | 16 |