Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы "2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 702 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 12 қазандағы № 568 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы №702 "2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а Б.Туребеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады