2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 25 қарашадағы № 702 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 12 қазандағы № 568 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 12.10.2023 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Ешанқұловаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Асанов

  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
" " _______ 2023 жылғы
№ __ қаулысына қосымша

2023 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Ұйымның атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Квоталық жұмыс орындарының саны

1.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "О.Бапышев атындағы №8 жалпы орта мектебі" КММ

156

3

4

2.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі" КММ

185

3

5

3.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Бірлік жалпы орта мектебі" КММ

74

2

1

4.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "К.Үкібаев атындағы № 37 жалпы орта мектебі" КММ

161

3

4

5.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің "Мырзакент-Қызмет" КММ

71

2

1

6.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің "Қазводхоз" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан филиалы

74

2

1


Барлығы:



16


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады