Сауран ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 385 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 29 тамыздағы № 244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 29.08.2023 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-37 бабтарына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан бостылған адамдарды осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының талаптары қатаң сақталсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиевке жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков

  Сауран ауданы әкімдігінің
"05" желтоқсан 2022 жылғы
№ 385 қаулысына № 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Сауран ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Жеке кәсіпкер "Эргашов Эргаш Хасанұлы"

7

14%

1

2

Түркістан облысы Сауран ауданы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі "Тажихан-Ата"

20

5%

1

3

Жеке кәсіпкер SEM-BRAND

15

7%

1

4

"Рустам" Шаруа қожалығы

20

5%

1

5

"DIVALUX" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

1,2%

1

6

Жеке кәсіпкер ИСМАЙЛ-АТА

8

12%

1

7

"Дәнмухаммед" Шаруа қожалығы

80

1,2%

1

8

"Алайдар" Шаруа қожалығы

10

10%

1

Барлығы:

240


8

 
  Сауран ауданы әкімдігінің
"05" желтоқсан 2022 жылғы
№ 385 қаулысына № 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Сауран ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйыматауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Жеке кәсіпкер "Эргашов Эргаш Хасанұлы"

7

13%

1

2

Түркістан облысы Сауран ауданы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі "Тажихан-Ата"

20

5%

1

3

Жеке кәсіпкер SEM-BRAND

15

7%

1

4

"Рустам" Шаруа қожалығы

20

5%

1

5

"DIVALUX" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

1,2%

1

6

Жеке кәсіпкер
ИСМАЙЛ-АТА

8

12%

1

7

"Дәнмухаммед" Шаруа қожалығы

80

1,2%

1

8

"Алайдар" Шаруа қожалығы

10

10%

1


Барлығы:

240


8

 
  Сауран ауданы әкімдігінің
"05" желтоқсан 2022 жылғы
№ 385 қаулысына № 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Сауран ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Сауран қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

38

2

1

Барлығы:

38

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады