Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 28.09.2023 № 6/118-VIII (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабынының 8-тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы" 2019 жылғы 18 қарашадағы № 40/326-VI шешімнің күші жойылды деп танылсын (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2019 жылдың 11 желтоқсанында №6375 болып тіркелді).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма аудандық мәслихатының төрағасы | М. Оспанбаев |