Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы" 2019 жылғы 18 қарашадағы № 40/326-VI шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 5/89-VIII шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 6/118-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 28.09.2023 № 6/118-VIII (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабынының 8-тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы" 2019 жылғы 18 қарашадағы № 40/326-VI шешімнің күші жойылды деп танылсын (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2019 жылдың 11 желтоқсанында №6375 болып тіркелді).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма аудандық мәслихатының төрағасы М. Оспанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады