Жарма ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 40/326-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 желтоқсанда № 6375 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 5/89-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 05.09.2023 № 5/89-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма ауданыны бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін .

      2. Жарма ауданыны бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 9/73-VI "Жарма ауданыны бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын көму тарифтерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4846 болып тіркелген, "Қалба тынысы" газетінде 2017 жылы 03 ақпанда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 6 ақпанда жарияланған) шешімінің және Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 нуарыздағы № 30/256-VI "Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 9/73-VI "Жарма ауданыны бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын көму тарифтерін бекіту туралы" шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5777 болып тіркелген, "Қалба тынысы" газетінде 2017 жылы 22 наурызда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 27 наурызда жарияланған) шешімінің күштері жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Узбеханов
      Жарма аудандық мәслихатының хатшысы А. Сахметжанова

  Жарма аудандақ мәслихатының
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 40/326-VI шешіміне
1 қосымша

Жарма ауданыны бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1

Үйлер: жайлы
жайлы емес

1 тұрғын

1,8
1,9

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,64

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,39

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,97

6

Емханалар

1 келіп кету

0,0085

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,2

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,3

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,07

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,37

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,07

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,07

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,06

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,8

15

Машиналардан сату

сауда орнының
1 м2

0,25

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,27

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,34

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,21

19

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

0,6

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

0,5

21

Жағажайлар

жалпы алаңы 1 м2

1,1

22

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,4

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

2

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,1

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

-

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,01

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,5

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

0,85

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,95

30

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

0,41

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,80

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

  Жарма аудандақ мәслихатының
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 40/326-VI шешіміне
2 қосымша

Жарма ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көму тарифтері

р/с №

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтердің құны, теңге

1.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тариф


1.1.

Жайлы үйлер

тұрғын/айына

126,66

1.2.

Жайлы емес үйлер

тұрғын/айына

133,69

1.3.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 м3

530,01

2.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф


2.1.

Жеке тұлғалар үшін

1 м3

314,29

2.2.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін

1 м3

387,41


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады