Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақсу ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Жетісу облысы Ақсу аудандық мәслихатының 10.06.2024 № 31-141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу ауданының мәслихат төрағасы | Б. Сулейменов |
Ақсу ауданының мәслихатының 2023 жылғы "13" желтоқсан № 19-84 шешіміне қосымша |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жетісу облысы Ақсу аудандық мәслихатының 10.06.2024 № 31-141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ р/с | Атауы | Есептеу бірлігі | Қызмет құны, теңге |
1. | Жайлы үйлер | айына 1 тұрғыннан | 150,2 |
2. | Жайлы емес үйлер | айына 1 тұрғыннан | 150,2 |
3. | Бірлікке жылдық тариф (көлем) | 1м3 | 1244,5 |