Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Жетісу облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 19-84 шешімі.

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақсу ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Жетісу облысы Ақсу аудандық мәслихатының 10.06.2024 № 31-141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу ауданының мәслихат төрағасы Б. Сулейменов

  Ақсу ауданының мәслихатының 2023 жылғы "13" желтоқсан № 19-84 шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жетісу облысы Ақсу аудандық мәслихатының 10.06.2024 № 31-141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

№ р/с

Атауы

Есептеу бірлігі

Қызмет құны, теңге

1.

Жайлы үйлер

айына 1 тұрғыннан

150,2

2.

Жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғыннан

150,2

3.

Бірлікке жылдық тариф (көлем)

1м3

1244,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады