Ақсу ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсанындағы № 19-84 "Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №190221 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақсу ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімде шешімге қол қоюшы лауазымды тұлғаның атауы қазақ тілі мәтінінде "Ақсу ауданының мәслихат төрағасы Б. Сулейменов", орыс тілі мәтінінде "Председатель Аксуского районного маслихата Б. Сулейменов" сөздері жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Сулейменов |
Ақсу ауданының мәслихатының 2024 жылғы "10" маусым № 31-141 шешіміне қосымша |
Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ р/с | Атауы | Есептеу бірлігі | Қызмет құны, теңге |
1. | Жайлы үйлер | айына 1 тұрғыннан | 150,2 |
2. | Жайлы емес үйлер | айына 1 тұрғыннан | 150,2 |
3. | Бірлікке жылдық тариф (көлем) | 1м3 | 1244,5 |