Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округінің әкімінің 23.05.2023 № 4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 20 наурыздағы №15-4-1/122 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы, Шарықты ауылдық округінің Теректі ауылында орналасқан азамат Сейсенбаев Бауыржанның жеке қосалқы шаруашылығының аумағында ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шарықты ауылдық округінің әкімі | А. Ногербеков |