Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 19 мамырдағы №15-4-1/179 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы, Шарықты ауылдық округінің Теректі ауылында орналасқан азамат Сейсенбаев Бауыржанның жеке қосалқы шаруашылығының аумағында ірі қара малдарының арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 20 наурыздағы №2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шарықты ауылдық округінің әкімі А.Ногербеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады