Шектеу іс-шарларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 2 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округінің әкімінің 23.05.2023 № 4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 20 наурыздағы №15-4-1/122 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы, Шарықты ауылдық округінің Теректі ауылында орналасқан азамат Сейсенбаев Бауыржанның жеке қосалқы шаруашылығының аумағында ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шарықты ауылдық округінің әкімі А. Ногербеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады