Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 539 "Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9480 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiледі".".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | С. Ещанов |