Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы” № 254/3 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
"Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде 18-тармақ келесі мазмұндағы 40-1, 40-2, 40-3, 40-4, 40-5, 40-6 тармақшалармен толықтырылсын:
"40-1) қала әкімінің халықпен тоқсан сайынғы тұрақты кездесулерін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
40-2) жұртшылықпен байланыс бойынша мемлекеттік органның қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
40-3) қала әкімінің аппаратында және қаланың жергілікті атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мониторингі;
40-4) қала әкімінің жеке қабылдауын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;
40-5) қала әкімінің жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру;
40-6) әскери есепке алу және шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы М.Н. Шолақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Дүйсенбинов |