Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы” № 254/3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 263/2 қаулысы

      Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы” № 254/3 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде 18-тармақ келесі мазмұндағы 40-1, 40-2, 40-3, 40-4, 40-5, 40-6 тармақшалармен толықтырылсын:

      "40-1) қала әкімінің халықпен тоқсан сайынғы тұрақты кездесулерін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;

      40-2) жұртшылықпен байланыс бойынша мемлекеттік органның қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      40-3) қала әкімінің аппаратында және қаланың жергілікті атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мониторингі;

      40-4) қала әкімінің жеке қабылдауын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;

      40-5) қала әкімінің жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      40-6) әскери есепке алу және шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы М.Н. Шолақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады