"Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 254/3 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Р.Б.Мұқановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 20 сәуірдегі
№ 254/3 қаулысына
1-қосымша

"Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.

      3. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекемесінің заңды тұлғасы болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52.

      10. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00 ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Аппарат акима города Аксу".

      12. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы мемлекет атынан Павлодар облысының әкімдігі болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      16. Мақсаттары:

      1) Ақсу қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету, Ақсу қаласы әкімінің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;

      2) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамытудың, қазақстандық патриотизмнің конституциялық қағидаттарын іске асыруға, өңірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуге ықпал жасау;

      3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын дайындауға, Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және әкімшілік реформаларын жүзеге асырудың тетіктері мен тәсілдерін жетілдіруге қатысу;

      4) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынас жасау;

      5) қаланы басқару сызбасына сәйкес қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру болып табылады.

      17. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттар мен басқа материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сұрау және алу;

      2) міндеттері:

      2.1) Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      2.2) азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын сақтауды, заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыру, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

      2.3) оларға берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      2.4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға ғана пайдалану.

      18. Функциялары

      1) қала әкімінің қалалық мәслихат депутаттарымен өзара әрекетін қамтамасыз етеді;

      2) қалалық бағдарламаларды, іс-шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      3) құпиялылық режімді сақтауды қамтамасыз етеді, қала әкімімен тағайындалатын қызметкерлерге және басқа да лауазымды тұлғаларға құпия құжаттарға рұқсат беруге материалдарды ресімдейді;

      4) қала әкімінің, оған және қала әкімдігіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік және консультативтік-кеңестік органдармен өзара қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді;

      5) қала әкіміне өңірлік саясаттың стратегиясы, қаланың атқарушы органдарының сындарлы біріккен жұмысы, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және қаланың өкілетті органымен (мәслихат) өзара іс-әрекет жасау жөнінде болжам және ұсыныс жасауды жүзеге асырады;

      6) қала әкімінің ауылдық округтер әкімдерімен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

      7) қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың сөзсіз және толық орындау, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың актілерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      8) құқықтық актілер мен тапсырмалардың орындалмау себептері мен жағдайларын анықтайды, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады, тиісті лауазымды тұлғалардан, қажет болған жағдайда, ауызша және жазбаша түсіндірмесін талап етеді;

      9) қала әкімі қызметінің ақпараттық-талдауды қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      10) ішкі саяси ахуалға, қаланың мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалардың жұмысына талдау жүргізеді, саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытуды болжайды, қоғамдық маңызды проблемалар бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

      11) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асырады және қала әкімін ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;

      12) қала әкімдігінің сайты және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала әкімінің жұртшылықпен байланысын және оның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, қала әкімдігі мен әкімінің қабылданатын актілерін түсіндіруге қатысады;

      13) қала әкімінің кадрлар саясаты және мемлекеттік қызмет саласындағы қызметін қамтамасыз етеді;

      14) кадрлар жұмысы мен мемлекеттік қызметтің жай-күйін, кадрлар резервін қалыптастыруды, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби даярлығының деңгейін талдайды;

      15) лауазымға тағайындау және лауазымнан босату кезінде материалдарды ресімдейді, қала әкімімен тағайындалатын және келісілетін лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты өзге де мәселелерін шешеді, олардың жеке істерін жүргізеді;

      16) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      17) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізеді;

      18) өңір азаматтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, Құрмет грамоталарымен наградтауға, құрметті атақтарды беруге, Ақсу қаласы әкімінің мадақтауларымен құттықтауға байланысты қажетті материалдарды дайындайды;

      19) мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайларының мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      20) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстарды өткізуді ұйымдастырады;

      21) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарды әзірлейді;

      22) қала әкімі аппаратындағы азаматтық қызметшілерімен және техникалық қызмет көрсету қызметкерлерімен еңбек шарттарын ресімдейді;

      23) қала әкімі қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      24) қала әкімдігі мен әкімінің актілерін тіркеуді жүргізеді, қала әкімі аппаратындағы іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырады;

      25) қала әкімдігі мен әкімінің актілерін, қала әкімімен және әкімдігімен құрылатын консультативтік-кеңестік органдардың құжаттарын жариялауды, тиісінше ресімдеуді және таратуды қамтамасыз етеді;

      26) қала әкімдігі мен әкімімен шығарылатын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерін ресімдеуді, шығаруды және түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді;

      27) мәжілістер мен кеңестердің хаттамаларын тиісінше ресімдеу мен сақтауды жүзеге асырады;

      28) азаматтардың қабылдауын ұйымдастырады, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді есепке алуды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;

      29) құжат айналымына, соның ішінде қала әкімінің атына келіп түсетін хат-хабарларға талдау жүргізеді;

      30) құрылымдық бөлімшелердің индекстерін және қала әкімі аппаратының жиынтық істер номенклатурасын жасайды;

      31) мұрағатқа тапсыруға жататын істерді дұрыс қалыптастыруға, ресімдеуге және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

      32) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді енгізуге жәрдем көрсетеді;

      33) қала әкімдігі мен әкімі қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      34) қала әкіміне азаматтар мен ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетігін қалыптастырудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      35) заң мен құқық тәртібін нығайту, қала әкімінің норматүзушілік тетігін жетілдіру жөніндегі шараларды қолданады;

      36) қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық, құқықтық актілеріне құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;

      37) қала әкімінің қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерінде құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекет жасауын қамтамасыз етеді;

      38) наразылық-талап жұмысы, прокурорлық ден қою актілерімен жұмысты жүзеге асырады;

      39) шақыру комиссиялары арқылы "Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру" және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметтерін көрсетеді;

      40) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үйді бөлу және ұсыну;

      40-1) қала әкімінің халықпен тоқсан сайынғы тұрақты кездесулерін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;

      40-2) жұртшылықпен байланыс бойынша мемлекеттік органның қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      40-3) қала әкімінің аппаратында және қаланың жергілікті атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мониторингі;

      40-4) қала әкімінің жеке қабылдауын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;

      40-5) қала әкімінің жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      40-6) әскери есепке алу және шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      41) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 27.03.2023 № 263/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін басқаруды

      бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      20. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысыҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      21. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) лауазымды тұлға болып табылады және “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынасты сенімхатсыз жасайды;

      2) азаматтардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарастырады, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шаралар қолданады;

      3) қала әкімдігінің бекітуіне "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітеді, штат санының лимиті және оның құрылымы жөнінде ұсыныс енгізеді;

      4) "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді, ұйымдастырады және бағыттайды, өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекетті қамтамасыз етеді;

      5) қала әкіміне қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшы лауазымдарына тағайындауға кандидатураларды ұсынады;

      6) "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін және техникалық қызмет көрсететін қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      7) "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеуді жүргізу жұмысын үйлестіреді;

      8) "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы орындауды бақылайды;

      9) қала әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану немесе оны алу туралы қала әкімінің қарауына ұсыныстар енгізеді;

      10) қала әкімдігі мен әкімінің актілерін, оның тапсырмаларын орындауға, "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне құжаттардың өтуіне бақылау жасау жұмысын үйлестіреді;

      11) "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      12) ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      13) "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің шығыс сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатын жұмсайды;

      14) "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін және техникалық қызмет көрсететін қызметкерлерді көтермелейді, оларға тәртіптік жаза қолданады;

      15) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді;

      16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қалалық мәслихатпен, қалалық сотпен, қала прокуратурасымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет жасауын қамтамасыз етеді;

      17) қалалық мәслихаттың мәжілістеріне қатысады;

      18) әкімдіктің, кеңес беру органдарының мәжілістерін дайындауды үйлестіреді;

      19) қала әкімінің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру жұмысын үйлестіреді;

      20) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілеттік етеді;

      21) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңдеоның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайлардажедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүліккоммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жәнетарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар жоқ.

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 20 сәуірдегі
№ 254/3 қаулысына
2-қосымша

Ақсу қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 752/11 қаулысы;

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 752/11 қаулысына толықтыру енгізу туралы" № 526/4 қаулысы;

      3) Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 3 маусымдағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 752/11 қаулысына толықтыру енгізу туралы" № 399/12 қаулысы;

      4) Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі "Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 752/11 қаулысына толықтыру енгізу туралы" № 625/15 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады