Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 18 "Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифтерінде:
1) реттік нөмірі 7-жол келесі редакцияда мазмұндалсын:
"
7 | Атырау – Миялы | 2500 |
";
2) келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 8, 9, 10, 11-жолдармен толықтырылсын:
"
8 | Атырау - Ақжайық | 600 |
9 | Атырау -Сағыз | 2000 |
10 | Атырау - Сарайшық - Жалғансай | 500 |
11 | Атырау - Бейбарыс | 400 |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Атырау облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылатын осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |