Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 18 "Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 177 қаулысы

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 18 "Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      қосымшада:

      Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифтерінде:

      1) реттік нөмірі 7-жол келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "

7

Атырау – Миялы

2500

      ";

      2) келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 8, 9, 10, 11-жолдармен толықтырылсын:

      "

8

Атырау - Ақжайық

600

9

Атырау -Сағыз

2000

10

Атырау - Сарайшық - Жалғансай

500

11

Атырау - Бейбарыс

400

      ".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Атырау облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылатын осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады