Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 ақпанда № 4340 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабының 4-тармағына және VІ шақырылған облыстық мәслихаттың ХХV сессиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 249-VІ "Атырау облысында автомобиль көлігімен жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау тарифін белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің қаулы жобасына келісім беру туралы" шешіміне сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. . Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифтері белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 31.03.2020 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.Б.Таубаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  Атырау облысы әкімідігінің 2020 жылғы 31 наурызы № 49 қаулысына қосымша

Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифтері

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - Атырау облысы әкімдігінің 31.03.2020 № 49; өзгерістер енгізілді – Атырау облысы әкімдігінің 29.08.2023 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Маршрут атауы

1 (бір) жолаушыға арналған тарифі, теңге

1

2

3

1

Атырау - Құлсары

2000

2

Атырау - Мақат

800

3

Атырау - Индер

1000

4

Атырау - Аққыстау

600

5

Атырау - Махамбет

500

6

Атырау - Құрманғазы

2000

7

Атырау – Миялы

2500

8

Атырау - Ақжайық

600

9

Атырау -Сағыз

2000

10

Атырау - Сарайшық - Жалғансай

500

11

Атырау - Бейбарыс

400

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады